Жарнама
Қоғам

ҮЛГІ БОЛҒАН ЖАН

 

Қарлығаш Алпысбайқызы 1965 жылдың маусым айында бұрынғы Гурьев қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Отбасындағы сегіз баланың үлкені, бойына бар жақсы қасиетті меңгеріп өскен ол өзінен кейін ерген бауырларына әрдайым қамқоршы бола білді. 1982 жылы облыс орталығындағы Сәбит Мұқанов атындағы орта мектепті тәмамдап, аталған департаментке қарасты «УГ-157/9 «мекемесіне қызметке орналасады. Бұл кезде Қарлығаштың небәрі он жеті жастан жаңа асқан кезі болатын. 1984-1987 жылдар аралығында Алматы сауда техникумын сырттай бітіріп, есепші мамандығын меңгереді. Кеңес дәуірінің тәртібі мен талабын бойына сіңіріп, нағыз еңбекпен шыңдалған қызметкер қай істе де озат болды.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, ол қызметте көпке үлгі-өнеге болуымен қатар, отбасының да ұйытқысы. Бүгінде Азамат атты ұлының аяулы анасы, Марта келінінің ақылшысы, Іңкәр атты немересінің сүйікті әжесі атанған Қарлығаш аталмыш мекемеде еңбек етуде. Отыз жылдық тәжірибесі бар оның әлі талай белестерді бағындырары сөзсіз.

«Мен өзгелер секілді жастайымнан еңбекпен көзімді ашқан адаммын. Жалқаулықты жаным сүймейді. Сол себепті өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тәлім-тәрбиемізді, үлгі-өнегемізді көрсетіп, білгенімізді айтудан кенде емеспіз. Қолдан келген істі үйретуден тартынбаймыз», — дейді Қарлығаш Алпысбайқызы.  

Н.ҚАБЕСОВА, Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті «УГ-157/9» мекемесі кадр жұмысы тобының аға инспекторы, әділет майоры.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button