Жарнама
Қоғам

Құлақтан кіріп, бойды алар…

«Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер» деп дана халқымыз бекер айтпаған болар. Оған Қызылқоға топырағынан түлеп ұшқан өнер қырандарының алған асулары мен бағындырған белестері дәлел болатындай.

«Жұлдыздар жарқырайды». «Арман» мәдениет үйінде кәсіби әнші мен студент жастар арасында өткен аудандық ән байқауы осылай аталды. Аталған шараның негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Байқауға барлық сегіз ауылдық округтен өнерлі жастар қатысты. Нәтижесінде, Қызылқоға ауылдық округінің атынан қатысқан Серікқали Балаубаев пен Абай Жылқышы бас жүлдені жеңіп алса, бірінші орынды қаракөлдік әншілер Данияр Тұрсынұлы мен Дастан Асан иеленді. Екінші орынды Жангелдин ауылдық округінен қатысушы Хайролла Мәдиев пен Асылхан Хамитұлы, тасшағылдық Аманбек Таспанов пен Алтынбек Берікбайұлы иемденді. Барлық әншілер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ендеше, «Өнерлінің — өрісі кең»  дегендей, аудан мерейін өсіретін талантты да талапты жастарға осындай қолдаумен қоса, шығармашылығын шыңдайтын шаралар көптеп ұйымдастырылып тұрса, кәсіби деңгейдегі әншілер қатары көбейе түсетіні анық.

Нұрсәуле  СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ,
Қызылқоға  ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button