Жарнама
Қоғам

ҚЫЗМЕТКЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЖАТ

 

Жаңа заң жобасын талқылау барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы тарапынан 200-дің үстінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс беріліп, соның жүзден астамы қабылданған.

Көңіл бөлуге тұрарлық бір жайт, кодексте жұмыс берушіге адамдарды қысқартудың орнына толық емес жұмыс режімін белгілеу немесе қызметкерді уақытша басқа жұмысқа ауыстыру жағдайын қарастыруы екіжақты да тиімдірек екендігі ескертілген. Мәселен, жұмыс орындарын сақтап қалу үшін жұмыскерлер басқа қызметке уақытша ауыстырылғанда мерзімін нақтылап алу ұсынылған. Сондай-ақ, түрлі себептерден өндіріс тоқтап қалған жағдайда, жұмыс берушіге жұмыскерді оның келісімінсіз-ақ кез келген бос тұрған орынға (ұсынылатын жұмыстың денсаулығына нұқсан келтірмеуін ескере отырып) ауыстыру құқығын беру көзделген.

Бұдан бөлек, құжатта жұмыскердің жұмыс уақытынан тыс мезгілдегі жұмысқа міндетті түрде оның келісімімен, тек ауысымдық әдіспен жасалатын қызметке ғана жұмыс берушінің өз ырқымен тартылатындығы атап көрсетілген. Және де мұндай жұмыс түрінің ұзақтығы (бір жылға) 120 сағаттан аспауы, төлем коэффиценттері де қайтадан қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар, бұл заңнама жұмыс берушінің жұмыскерді қызметінен босатуына байланысты да бес жаңа негіздемемен толықтырылған. Атап айтқанда, жұмысшы-қызметкердің зейнеткерлік жасына жетуі, белгісіз себептермен бір айдан астам уақыт жұмыста болмауы, заңды тұлға мүлкі меншік иесінің тағайындалатын және сайланатын басшылардың өкілеттігін тоқтату туралы шешімі, жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша біліктілік сынағынан екінші мәрте өтпей қалуы, т.б. жағдаяттар осыған негіз болатындығы түсіндірілген.

Одан әрі, заңда еңбек шартының мерзімінен бұрын бұзылуына бір мезгілде жұмыскер еңбек ететін құрылымдық бөлімшенің (цех, учаске) жабылып қалуы, басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігінің жоқтығы (онда да жұмыскердің қысқартылатындығы жөнінде кәсіподақ ұйымы жазбаша түрде қаперленген жағдайда) сияқты жайлардың себеп болатындығы алға тартылған. Бұдан былай, қай сала, қандай ұжымда болмасын еңбек қатынастары ұжымдық келісім-шарттық қатынастар арқылы реттеліп, қызметкерлердің мүдделері де сол құжатпен қорғалады.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button