Жарнама
Қоғам

“Бала күннің бояуы”: «Күн» инклюзивті театры жаңа қойылымын ұсынды

Қазақстанда соңғы төрт жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы жүзеге асырылып келеді.

Мұндағы басты мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыру, олардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау. Гранттық жобаға 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі ел азаматтары қатыса алады. Жоба аясында бес бағыт бойынша 3 млн. теңгеден 30 грант беріледі.

b81054af 7fe5 4cd6 aaee b0792d2d20d2

Осы жобаның «Мәдениет» бағыты бойынша жеңімпаз атанған атыраулық Әнел Маратованың айтуынша, 2024 жылы республика бойынша 1284 өтінім түскен. Солардың қатарында Әнел Қайырлықызының бастамасымен Атырау қаласында іске қосылған «Күн» инклюзивті театр жобасын айтуға болады.

28d5c0f3 f3ff 4560 a5f0 72daf46c47bf

Оның мақсаты – 16 жастан асқан, Даун синдромымен туылған балаларды өнер мен театр арқылы қоғамға кіріктіру. Аталмыш театр жобасы жаңа репертуармен 18 мамыр күні Атырау қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Бала күннің бояуы» тақырыбындағы театрландырылған концертін көрермендерге ұсынды. Концерттік бағдарламада балалар қойылым тақырыбымен үндес көріністі, үнді фильмінен үзіндіні сахналап, ретро стильдегі және заманауи үлгідегі билерді орындайды. Сондай-ақ этно мәнердегі сән көрсетілімін ұсынады.

5dbf4470 04fd 46cb a6ae 6e3af703c44c

Айрықшалап айтарымыз, «Күн» инклюзивті театр жобасының ерекше актерлері – «Мен бармын!» қоғамдық қорының тәрбиеленушілері. Осылайша, бұл жолы жоба аясында 14 ерекше қажеттілігі бар бала өз өнерін тамашалатуға мүмкіндік алды.

cffb75dd 40b7 434b b95e 459bff4f7ed3

Сондай-ақ театр жетекшісі Әнел Қайырлықызы күн сәулелі балаларды әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен танытып, қоғамда Даун дерті туралы ақпараттық хабарландырулар таратады. Олар TikTok әлеуметтік желісі арқылы да көпшілікке таныла бастаған. Ерекше өрендер санаулы мезгілде миллиондаған қаралым жинап, көрерменнің қошеметі мен ықыласына бөленіп үлгерді.

a41a81fb 1923 4e7c 9672 bbd627906550
55a45bd6 d439 422a 9a2c 7b4b8e158211 1

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button