ҚУАНҒАНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ СӘБИДІҢ!..
Құтты қонақты бүлдіршіндер «Аяз ата» өлеңімен қарсы алды.
— Ес жиып, етек жинағалы ширек ғасырдай уақыт өтті. Осы кезең ішінде Елбасының сарабдал саясаты арқасында көптеген ғимараттар бой көтеріп, жаңа мекемелер ашылды. Елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік орнады. Жаңа жылда балалардың бал күлкісіне кенеліп, жаңа биіктерге жетейік, — деді Нұрлыбек Жұмахметұлы.
Қонақтар қатарында облыстық кәсіподақтар орталығы, қала әкімі аппараты басшылары да болды.
— Бұрын сәбилер үйінде алпыс бала тәрбиеленсе, қазір бұл көрсеткіш екі есеге азайды. Мұнда балалар төрт топқа бөлінген. Екі топ – мүмкіндігі шектеулі балалар, ал қалған екеуі – сал ауруына шалдыққандар. Жуырда жаңадан «Үміт» тобы да ашылды. Онда әкесі жоқ, ерте жастан жүкті болған аналардың нәрестелері орналасқан. Төрт жылдан соң олар ата-аналарына кері қайтарылады. Сәбилер үйінің бір ерекшелігі – ауру балаларды алысқа апармай-ақ, осы жерде оңалту курсынан өткіземіз. Бұл үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Жергілікті мекемелердің демеуімен қажетті құрал-жабдықтар алынып отырады, — дейді сәбилер үйінің басшысы, әрі бас дәрігері Гүлмира Рысмағамбетова.
А.АБДОЛ.
Сурет автордікі.