«КСЕЛЛ» БЕДЕЛІ ҚАЙТАДАН ҮЗДІК БОЛДЫ
«Топжарғанның» бедел рейтингі Еуразиялық Бизнес Форум (ЕБФ) аясында өткізілді, ол халықаралық және жеделдетілген индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыру туралы диалогта отандық сарапшыларды, бизнес, үкімет пен ғылым өкілдерін тартуға және елдің инновациялық дамуына жаңа қарқын беруге қабілеттендіруге шақырды. ЕБФ – бұл әлемдік қоғамдастықпен коммуникацияны, бизнесті жүргізуге, инвестицияларға, инновацияға және «жасыл» экономикаға» елдің ашық берілгендігін көрсетеді».
2014 жылдың рейтинг көшбасшысын анықтауда 724 сарапшының пікірі қаралды. Бағалаудың басты критерийлерінің ішінде тұрақты клиент желісі, сенімділік, қызмет сапасы, әртүрлі жағдаяттарда дұрыс тәртібі болды.
«Осы жылы «Kcell» өзінің 15 жылдығын атап өтеді. Сондықтан, бізге біздің беделіміздің жоғары бағасын алу ерекше маңызды. Бұл «Kcell» барлық ұжымының жеңісі – бұл үлкен жетістік, оған біздің компанияның әр қызметкерінің қосқан үлесі. Клиенттерге тұрақты қызмет пен өнім сапасын жетілдірудің арқасында бізді 14,3 миллион абонент таңдайды. Біздің міндетіміз – біздің абоненттер үшін үздік байланыс операторы болу», — деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Али Аган.
Бұрын «Кселл» бірнеше жыл қатарынан «Exclusive» журналы ұйымдастырған ең үздік беделді 50 компания рейтингінің жоғары сатысында болды. Өткен жылы осы рейтинг нәтижесі бойынша компания беделі Қазақстан ұялы операторлары арасында ең үздігі деп танылды.
PR.