Жарнама
Қоғам

ҚОРЖЫНДА – ҮШ АЛТЫН

 

Даниэль Любимов күміс жүлдегер атанса, Ернар Қадыржанов үздік үштікке ілініп, қола медаль еншіледі.

Біз Ел чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлерін «Алматы-Атырау» бағытындағы пойызынан қарсы алып, жарыстан алған әсерлерін білдік.

— Бұл жеңістерімізге өте қуаныштымыз. Облыстың абыройын арттырдық деп ойлаймыз.  Өйткені, жарыстың соңына дейін тырысып, жеңісті қолдан бермедік, — дейді олар.

Шәкірттерінің топ жарғанына жаттықтырушысы Евгений Тебеньков та дән риза. Оның айтуынша, жастарды бессайыс спортына баулу облыста тек өткен жылдың қараша айынан бастау алған. Осынша қысқа мерзім арасында еліміздің үздіктерінің қатарынан көріну – спортшылар мен жаттықтырушылардың маңдай терінің жемісі. Қазіргі таңда мұнайлы өлкеде елуге жуық жас бессайыс спортының қыр-сырын үйренуде.

Спортшыларды қарсы алу рәсіміне қатысқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұржан Ермұханов құттықтауын жеткізіп, жаңа жетістіктер тіледі.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button