Жарнама
Қоғам

Көрегенділікпен жасалған игі қадам

Аtr.kz/31 мамыр, 2020 жыл. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялап, онда тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылатынын мәлімдеді.

          Осы бір шағын үндеуі арқылы ол өзінің ел тарихының әр кезеңіне зор беретіндігін дәлелдеді. Елі үшін жанын берген ақтаңдақтарымызды қастерлеу, олардың рухына тағзым ету  – әрбір қазақстандықтың борышы екенін түсіндірді.

Иә, өткен ғасырдың 20-30-жылдары КСРО-да тұрған халықтардың барлық өкілі де осы бір қасіретті кезеңді бастан кешті. Яғни, қазақтар, орыстар, чешендер, поляктар, немістер, украиндар жəне басқа ұлт өкілдері де қуғын-сүргінге ұшырады. Сол кездегі тоталитарлық режім халықты əуелі аштыққа ұшыратты, одан кейін адамдарды қорлау, қинау жəне ату жазасына кесу əрекеттерін жүзеге асырды. Сөйтіп, миллиондаған жан жазықсыз жапа шекті.

          Біз бала күнімізде халқымыздың басына келген осы бір зұлматтың зардабын көріп өстік. Қаншама отбасының тірек болар азаматы жазықсыз «ит жеккенге» айдалып, қаншамасы жалған жала арқылы темір торға тоғытылғаны туралы әңгімелерді естідік.  Сәби жүрегімізбен оларға шынайы жанымыз ашып, ендігі жерде ондай қасіреттің болмауын тілейтінбіз.

          Сондықтан, бұл қасіретті кезеңнің тарихи рөлі мемлекет тарапынан бұлайша ерекше ескерілуі  көрегенділікпен жасалған игі қадамның бірі  деп білемін.

Қадим ОҢҒАРСЫНОВ,  Атырау қаласының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button