БҰҚАРА МҰҚТАЖЫНА – СЕРГЕК КӨЗҚАРАС

36364636364

 

28 наурыз күні Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың негізгі өтініш-тілегі баспана жайы мен жұмыссыздық
төңірегінде болды.

 

Астрахан қаласынан көшіп келген Э.Утебалиев жұмысқа орналасуды көздейді. Жоғары білімді заңгер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткен жылы тіркеліпті. Бұған дейін ұсынылған қызметтен жалақысына байланысты бас тартқан азаматтың мәселесі қоғамдық қабылдауда жан-жақты қаралды.
Аз қамтылған және жетім балалардың жоғары білім алуын жіті бақылауда ұстап отырған облыс әкімдігі «Аджип Қазақстан Норт Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясымен Ынтымақтастық туралы Меморандум жасақтаған болатын. Қабылдауға жазылған Ларисаның жиені, бүгінде Астана қаласында білім алып жатқан Александр Соловьевтің оқу ақысын төлеу мәселесі осы келісім шеңберінде шешімін тапты.
Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға тұрғын үй мәселесімен келген азаматтарға пәтердің қатаң кезекпен, әрі заңдылық шеңберінде ғана берілетіндігін түсіндірген облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов азаматтардың өтініштері әрдайым бақылауда тұратындығын жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз