Атырауда «Мәңгілік тағзымның» тұсауы кесілді (+ФОТО)

img 2985 scaled Жаңалықтар

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Атырау облысы мемлекеттік Архивының  архив құжаттары негізінде жарыққа шығарған  «Мәңгілік тағзым (Атырау өңірі Ұлы Отан соғысы жылдарында)» атты 2 томдық құжаттар жинағының тұсаукесері болып өтті.

Екі томдық құжаттар жинағында 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Атырау облысының саяси-экономикалық, әлеуметтік, әскери, рухани-мәдени өмірі туралы архив құжаттары мен Атырау облыстық және қалалық, аудандық архив қорларындағы жеке тектік қорларда сақталған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құжаттары енген.  Аталмыш шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ.Хаменова мен Атырау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Р.Ризуанов кітаптың тұсауын кесіп, редакциялық алқа мен құрастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Кітап рухани құндылық, ұрпаққа қалар мұра екендігін тілге тиек етті. Шараға Атырау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Х.Ризуанов, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Қ.С.Бағытжанқызы, жазушы, өлкетанушы Ө.Әлімгереев, Т.Жаңабай, Ә.С.Төлеуішов, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы А.А.Кораблев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі М.Е.Ужкенов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, профессор Л.Б.Бердіғожин, Атырау облысы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау орталығының басшысы М.Қ.Кипиев қатынасып, көпшілікке хабарлама ұсынды.

Шара барысында Атырау облысы мемлекеттік архивының басшысы С. О.Қуаныш Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы С.Измұханбетоваға жаңа кітаптың бірнеше данасын табыстап, рухани байлық ордасында оқырмандардың көп болуын тіледі.

img 2970
img 2934
img 3007
img 2944
img 3001
img 2941
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз