Жарнама
Қоғам

Кімдерге миллион теңгеден берілетіні айтылды

Атырау облысында соғыс жылдары концлагерьде тұтқында болған зейнеткерге 1 млн теңге беріледі.

Облыстық әкімдіктен мәлім еткендей, өңірде соғыс жылдарында концлагерь тұтқынында болған бір зейнеткер ғана бар. Бұл туралы «Қазақпарат» жазады.

«Атырау облысының әкімдігі Жеңіс күніне орай бір реттік төлем беруді жоспарлап отыр. Мәселен, концлагерьде тұтқында болған бір адамға 1 млн теңге, Жеңіске үлес қосқан 33 тыл еңбеккеріне 100 мың теңге, соғыс жылдарында жұмыс істеген 1 423 адамға 30 мың теңге беріледі» деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Ауғанстандағы, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге, Чернобыльдағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан 1 073 адамға 100 мың теңге көлемінде бір жолғы қаржылай төлем беру көзделген.

Фото: ашық көздерден

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button