«…Ауырмайтын жол ізде»

200713171131502a3672205i COVID-19: Соңғы поштадан...


Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды барлығымыз жақсы білеміз. Бүгінгі таңда вирусқа шалдыққандар қатары күрт көбейіп, ауруханалар науқастарға лық толды. Дәріханаларда дәрі тапшылығы айқын сезілді.

Бұл ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жағдайды тұрақтандыру үшін карантиндік шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Әрине, қатаң карантиндік шаралардың салдарынан өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлер, сұлулық салоны, шаштараз, қоғамдық тамақтану орындары, базарлардағы мыңдаған тұрғындар уақытша жұмыссыз қалды.

Алайда, елдегі ахуалды көріп, біліп отырғаннан кейін жағдайды тұрақтандыру үшін мұндай шектеулердің аса қажеттілігін түсініп отырмыз. Бәріміз де бір отбасының мүшесі болғандықтан, жақынымызды да, өзімізді де қатерлі індеттен қорғаудың негізгі жолын сақтауға жауапкершілікпен қарауымыз керек.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, санитарлық талаптарды орындап, тазалық ережелерін ұстансақ ұтылмайтынымыз анық. Сайып келгенде, мұның барлығы ең алдымен өз денсаулығымыз үшін жасалынып жатқанын білеміз.

Осылардың барлығы ескеріліп, қазіргі таңда жұмысы шектелгендерге ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы төленетін болды. Төтенше жағдай кезінде қызметіміз тұралап қалған кезде енкі рет осындай әлеуметтік көмек алған едік. Бұл біз секілді бүгінде табысынан айырылған өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген жандарға демеу болары сөзсіз. Өйткені, азық-түлік бағасын айтпағанның өзінде дәрі-дәрмек бәсі де айтарлықтай өсіп кеткен. Үкімет тарапынан бұл бағытта да нақты тапсырмалар жүктеліп, дәріханадарда дәрі тапшылығы орын алмайтыны айтылды.

Менің тырнақ күтімімен, яғни маникюрмен кәсіби айналыса бастағаныма бірнеше жыл болды. Өзімнің тұрақты клиенттерім бар. Бірақ, өзімнің, отбасымның, балаларымның сақтығы үшін бұл ісімнен уақытша қол үзуге тура келеді. Індет ешкімді де аямайды. Сондықтан, барымызды бағалап, басты байлығымызды сақтауға бір кісідей атсалысайық дегім келеді. Біз бірлесіп бұл қиындықты да жеңіп шығатынымызға кәміл сенемін.

Қорлан ҚИТАРОВА,
сұлулық салонының қызметкері

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз