Жарнама
Қоғам

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ

 Демек, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын 20 наурызға тағайындау оңды шешім болды. Өйткені, Парламент  Ұлт жоспарында көрсетілген бес реформаны жүзеге асыруды жеделдетеді. Бұл бізге келуі мүмкін сын-қатерлерге қарсы күрес пен экономикалық реформаларға қатысу үшін қажет. Осы орайда әлем елдерін шарпыған дағдарыстың тереңдеуіне жол бермес үшін, оған қарсы шараларды үдету керек.

Алып мемлекеттер арасындағы кикілжіңдер мен әлемнің қазіргі геосаяси жағдайы да алаңдатып отыр. Саяси оқиғаны мерзімінен бұрын тағайындаудың тағы бір жағы бар. Яғни, Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының құрамын қайта жасақтау Қазақстанда демократияның өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Халық өз таңдауын жасауға мүмкіндік алады. Бұл – Мәжіліс және мәслихат депутаттары халықтың сеніміне қол жеткізеді деген сөз. Әрі әлемді экономикалық қиындықтар жайлаған уақытта мемлекет қазынасындағы қаржыны үнемдеудің бірден-бір жолы. Ал, халықтың өз қалаулыларына сенімі елдегі тұрақтылықты берік қалыптастырады. Жалпы менің ойымша сайлау қай мезгілде де адамдарды бір мақсатқа жұмылдырушы күш болғаны сөзсіз. Сайлау өткізу арқылы адамдарда ой, пікір, жаңарады. Ой жаңарса тосын шешімдер пайда болады. Ал жаңа шешімдер дамуға бастайды. Ендеше, бұл алынған шешім дұрыс болды деп есептеймін. 

Қалидолла ІЗЕКЕНОВ,

 ақын-сазгер,

Қызылқоға ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button