Қоғам
«Кез-келген мәселе заң аясында шешілуі тиіс»
Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Алмалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен аймақ басшысы округте жасалып жатқан жұмыстар жайында ақпарат беріп баяндама жасады.
Облыс әкімі баяндамадан соң ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Алмалылықтардың басым бөлігі жол азабын көп көргенін айтып, әлеуметтік мәселелерді қоса көтерді.
Аймақ басшысы тұрғындар жолдаған сауалдар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
- — Кез-келген сұрақ әділдік принципі аясында шешілуі керек. Бәріміз заңға бағынамыз. Ал заң үстемдігі — әрқайсысымызға бірдей. Сондықтан көтерілген сұрақтар заң аясында өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешіледі,-деді Серік Шәпкенов.
Сонымен қатар облыс басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Атырау облысы әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі Алмалы ауылдық округінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.