Жарнама
Қоғам

КЕМЕҢГЕРЛІККЕ КУӘ БОЛДЫҚ

Елбасымыз өз сөзінде: «Бұл заң жобасы — қатардағы заң актілерінің бірі емес, халықтың болашақ әлеуметтік-тұрмыстық жайлы өмірінің және ұлттық зейнеткерлік жүйенің тиімділігінің кепілдемесі»,- деп, айқын да сенімді түсіндіріп берді. Сондай-ақ көптеген елдерде мұндай жобалар экономикалық- саяси дағдарыстар шегіне жеткен кезде жүзеге асырылып жатқанын, ал, бізде дағдарыстың алдын алатын, халықтың болашағы үшін тиімді жобалар жасалатынын да терең жеткізді. Азаматтардың зейнеткерлік салымы қорлардың өзі үшін пайда табу көзі емес, әр қазақстандықтың демалу жасына жеткендегі қауіпсіз және тоқшылық өмірінің негізі болуға тиістілігін айтып, халықтың көкейіндегі ең басты тілегін дөп басып атады. 
Атыраудың ұстаздар қауымы Елбасының көрегендік шешімін қолдайды және көпшілікке оны түсіндіру жұмыстарына да атсалысады.

Ұлмерек ЖӘЛЕЛ,
облыстық білім беру басқармасының әдістемелік кабинет маманы,
ҚР білім беру ісінің үздігі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button