Жарнама
Қоғам

«Кедергісіз келешекке қадам»

АТЫРАУДА ӨТКЕН ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ӨҢІРЛІК ФОРУМ «ЗЕЙІН АТЫРАУ» ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮШ ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Балалар жылы аясында өткен шараның басты мақсаты – ерекше балаларды дамыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру мүмкіндіктерін талқылау үшін бірыңғай алаң құру болса, аталған форумға балаларды оңалту, неврология, логопедия, психология секілді салалар бойынша халықаралық және жергілікті мамандар қатысып, іс-тәжірибелерін ортаға салды. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру сарапшылары жергілікті мамандар, кәсіпкерлер, ҮЕҰ өкілдері және ата-аналарға мүгедектігі бар балаларды дамытудың заманға лайық тиімді әдістәсілдері туралы пайдалы ақпараттарды түсіндірді.

screenshot 29

 – Өз отбасының ғана емес, үлкен жүрекпен қоғамның өзекті мәселесіне атсалысып, жетістікке қол жеткізіп отырған «Зейін Атырау» инклюзивті орталығының негізін қалаушы Арайлым Нұғымановаға ризашылығымызды білдіреміз. Ерекше балалардың атааналарының да қажырлы еңбегінің өтеуі боларына, үміттері ақталарына сенім кәміл. Мұндай балаларды дамытуға Атырау қалалық әкімдігі әрдайым қолдау көрсетуге дайын, — деді форумға қатысқан қала әкімнің орынбасары Нұржан Ермұханов. «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған форумға қатысқан демеуші компания өкілі Хеймиш Полс түлектердің жетістіктеріне ерекше тоқталды. Өйткені, компания әрқашан өзі тұратын және жұмыс істейтін ортаға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Әсіресе, балаларды дамытуға айрықша назар аударады. Жақында арнайы мектеп-интернаттағы балаларға және биология, физика кабинеттеріне арналған жабдықтарды тарту етіп, №3 интернаттағы ерекше балаларға арналған сенсорлық бөлмені дайындап берген. Интернаттағы балалар Атырауда иппотерапия сеанстарынан да өтіп жүр.

– «Жарқыра» түлектерінің жетістіктері көп. Биылдың өзінде ерекше балаларға арналған төрт жоба ашылды. Жоба басталғалы әлеуметтік кәсіпкерлердің тұт ас бір тобы тәрбиеленді. Солардың бірі – Арайлым, өзінің ерекше ықыласының нәтижесінде осындай жетістікке жетіп отыр. Ол биыл осындай орталықты Орал қаласынан да ашты, — деді ол.

Бастапқыда қанша қиын болғанымен, алған бетінен айнып қалмай, үш жылда орталықты жан-жақты жасақтап, елге танымал еткен Арайлым әлі де көздеген мақсаты көп екенін жасырған жоқ.

– Менің барлық іс-әрекетімнің негізгі мақсаты – зейінді, ойлауды, сөйлеуді, қарым-қатынас дағдыларын дамыту арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік ортаға тарту және бейімдеу. Мұндай әр бала мектепте оқып, ойнап, балалармен тең дәрежеде сөйлесе алуы керек. Оған орталық мамандарының бірлескен күш-жігері мен ата-аналардың үздіксіз жұмысы арқылы қол жеткізуге болады. Біз үшін баланың нәтижесі мен олардың атаанасының ризашылығынан артық бақыт жоқ, — деді ол.

screenshot 28

Бүгінде Атырау облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті өкіл қызметін қоғамдық негізде атқаратын Арайлым Нұғыманованың «Зейін Атырау » орталығы 2019 жылы «Жарқыра» бағдарламасының қолдауымен ашылған. Әуелі бағдарлама конкурсының финалисі атанып, өз идеясын жүзеге асыруға, сондай-ақ тегін тағылымдамадан өтуге грант алған. Бүгінде орталыққа күн сайын ерекше білім беру қажеттілігі бар 100-ден астам бала барса, 50 бала тегін оқиды. Орталықта АВА (мінезқұлық технологиялары мен оқыту әдістеріне негізделген қарқынды оқыту бағдарламасы) және Томатис (өңделген дыбыстық жиіліктердің адамның сыртқы, ортаңғы және ішкі құлағында орналасқан аймақтарға әсері) терапиясы, нейрогимнастика, логопедия, психология, сенсорлық интеграция, психикалық және сөйлеу бұзылыстары, аутизм, церебральды сал ауруы және Даун синдромы бар балаларға арналған бейімделген спорттық дамытуға бағытталған кешенді әдістер қолданылады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button