Жарнама
Қоғам

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ»: АДАМДАР БІЗДІҢ ТИІМДІЛІГІМІЗДІ МОЙЫНДАП, БАҒАЛАУДЫ ҮЙРЕНДІ.

 

Мұның себептерін алыстан іздеудің қажеті жоқ. Бұл – жылжымайтын мүлік құнының қымбаттауы (сәл де болса), азық-түлік бағасының үздіксіз көтерілуі, коммуналдық тарифтер, бензин. Бұған қоса, бір жыл ішінде теңгенің екі рет құнсызданып, еңбекақының сол күйінде қалуы, іскери белсенділіктің төмендеуі және дағдарыс кезеңінің басқа да көріністері.

Соған қарамастан, жыл басынан бері еліміздің 35 банкінің 33-і 127 миллиард теңгеден астам пайда көрді. Десек те, табыс алу қарқыны 70 миллиардқа жуық айтарлықтай құлдырады. Бұл жерде екі қаржы алпауыты – «Ситибанк» пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» суырылып алға шықты. Біріншісінің пайдасы жыл ішінде екі есеге өсіп, шамамен 18 миллиард теңгеге жетті (2013 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 3,5 есеге өсті). Екіншісінікі – 15 миллиардтан жоғары (бір жарым еседен астам және 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда, екі жылда үш есеге жуық).

Маңызды деталь: «Ситибанк» аса үлкен халықаралық Citigroup корпорациясының еншілес ұйымы, орасан зор ақша айналымы бар Қазақстанның ең ірі корпоративтік клиенттеріне қызмет көрсетеді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» клиенттері, негізінен, орта деңгейлі жалақысы бар жеке тұлғалар. Ал, олардың жалақысы өспейді. Сол себепті, Қазақстанның ипотекалық нарығында көпе-көрнеу  тоқырау байқалуда. ҚТҚЖБ «Бәйтерек» ҰБХ құрылымына кіреді және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың операторы болып табылады. Банктің бар пайдасы жаңа тұрғын үй заемдарын беруге жұмсалады. Енді, айырмасын сезініп көріңіз!

Ол айырманы  бәрінен де әмиян  жақсы  сезінеді

Стандартты талаптар бойынша 15 жылға берілетін, бастапқы жарнасы сатып алынатын үй құнының 20%-ын, орташа тиімді мөлшерлеме 17,04% құрайтын ЕДБ ипотекалық кредиттеріне қазір сұраныс жоқтың қасы. Мысалы, бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін, қазір тіпті аса бай да емес заемшыға кемінде 5 млн. теңге төлеу керек. Және бұл бастапқы жарнасыз. Калькуляторды аламыз, есептейміз. Еліміздің орташа жалақы алатын (121, 4 мың теңге) азаматы банкке ай сайын шамамен 77 мың теңге төлеуі керек. Ал, бұл – оның жалақысының 64%-ы.

Бұл жағдайда, екінші деңгейлі банктегі ипотекалық кредит Қазақстан азаматына заем сомасының 278%-ына түседі.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» баспана сатып алғандағы артық төлем 181% құрайды. Бұл еңбекақының тек 42%-ы.

Әйеліңізге гүл сыйлауға да, балаларыңызға балмұздақ әперуге де жетеді. Ипотекалық нарықтың құлдырау кезеңінде ҚТҚЖБ несие қоржынының соңғы екі жылда 40 пайыздан аса өсуі кездейсоқ емес. Әсіресе, басшылық ауысқаннан кейін.

Анықтама үшін. Бұған дейін банк өзін әзер-әзер «жауып отырды»: тапқан пайдасы – жылына миллиард теңгеден аспады. Сауатты менеджмент, активтердің сауатты басқарылуы және салымшыларды тарту бойынша сауатты жүргізілген жұмыстар – бәсекелестерді басып озуға мүмкіндік берді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеевтің айтуынша, «Адамдар санауды үйреніп келеді. Егер, кредиттік есеп бойынша екінші деңгейлі банктердегі ипотека бағасына және біздің банктің сандарына қарасақ, алшақтық өте үлкен. Бағаның өсуін, құнсыздануды және басқа да құрамдас бөлшектерді ескеретін болсақ, тұрғын үй құрылыс жинақтары – меншікті баспанасы жоқ жандар үшін қиындықтан шығар жалғыз жол. Біздің банктің отандық ипотека мен жылжымайтын мүлік нарығының 73%-ын жаулап алуы тегіннен -тегін емес.»

Екінші деңгейлі бірде-бір банк соңғы екі жылда мұндай нәтижеге жеткен жоқ.

Жай ғана дерек: екінші деңгейлі банктердің жиынтық ипотека қоржынындағы ҚТҚЖБ үлесі бір жыл бұрынғы 23%-дан жыл ішінде 32%-ға дейін өсті. Бүгінде 570 мыңнан астам республика азаматы – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» клиенттері, 100 мыңнан астам адам өздерінің баспана жағдайын жақсартты.

Тағы бір дерек: бір жыл ішінде ғана Қазақстандағы ипотекалық кредит беру нарығы былтырғы жылғы ең жоғары нәтижеден 2%-ға қысқарып, 895,6 миллиард теңгеге дейін төмендеді. Иә, жаратылыста еш нәрсе бос қалмайды: бір жерде азайса, екінші жерде молаяды. Бәрі де әділетті.

— Бізде өнімдер желісі жақсы жолға қойылған, — деді жақында Астанада мәжіліс депутаттарымен өткен кездесуде Ербол Қарашүкеев. – Адамдар біздің жүйеге әмияндарымен дауыс береді. Ешкім де артық төлегісі келмейді. ЕДБ үнемі алдын ала сақтанып отырады, олардың кредит бойынша пайызы өте жоғары, ал біз – әлеуметтік банкпіз. Біз клиенттердің пайызынан пайда көрмейміз.

Керісінше, ҚТҚЖБ клиенттері банктен пайда табады, себебі осы жылы ғана олар 100 миллиард теңгеге кредит алды. Мүмкін, осы себепті «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының саны жыл санап артып келе жатқан болар. Ал, Банк, осымен екінші жыл қатарынан республиканың ең табысты қаржы институттарының тізімінде бесінші орында келеді. Және оның жоғары мәртебесін халықаралық Moody’s рейтинг агенттігі растады, ол банкке «тұрақты» болжамымен Ваа3 ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін тағайындады. Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің бәрі бірдей мұндай мәртебемен мақтана алмайды.

2-1=?

Ағымдағы жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» екі қиындықты шешуге тура келді: өңірлердегі проблемалы объектілер және акциялар пакетінің бір бөлігін шетелдік инвесторға сату ықтималдығы. Біріншісі жергілікті атқару органдарының өкілдері мен банк жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен шешілді. ҚТҚЖБ барлық салымшылары – біреулері дер кезінде, енді біреулері кешігіп, әйтеуір армандаған баспанаға қол жеткізді. Екіншісі, әзірше талқылау және нұсқаларын қарастыру үстінде. Бұл жайт банк клиенттерін алаңдататын сияқты: ал егер шетелдік келіп, бәрін өзгертіп тастаса ше?

Жоқ, ол ештеңені де өзгертпейді! Себебі, акциялардың бақылау пакеті мемлекет қолында қалады. Және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» саясаты да бұрынғысынша қалады. Сондықтан, алаңдайтын түгі же жоқ.

Айтпақшы, ҚТҚЖБ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәжіліс депутаттарына банк саясатын түсіндіре келіп, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының қатысушылары үшін әкімшілік кедергілерді қысқартқанын мәлімдеді, сегіз комиссия алып тасталды, клиенттердің қаржылық жүктемесі 30 пайызға жеңілдеді: «Биылғы жылы үрдістер мен процедураларды автоматтандыру және оңтайландыру есебінен тағы 20 пайыз төмендетеміз. Қазір заем беруге бар болғаны бес күн кетеді, бір жыл бұрын 22 күн болған. Ал ҚТҚЖБ-де депозит ашуға клиент орта есеппен он минут қана уақыт жұмсайды».

Бір айта кететіні, биыл банк клиенттеріне салымшылар пулына қатысуға өтініш беру үшін таң атпай келіп кезек алудың қажеті жоқ. Енді өтінішті онлайн режимінде беруге болады. Яғни, адами фактор толығымен жойылған. Мұнымен қоса, кредит өтеуді немесе депозит толықтыруды VISA, MasterCard, Maestro/Cirrus, American Express банктік төлем карталарының көмегімен «Жеке кабинеттен» жүргізуге болады.

Екінші деңгейлі банктер отандастарымызға ипотекалық кредит беруден бас тартып жатқан кезде, бұл нағыз жетістік деп айтуға болады. Дағдарыс кезі екені түсінікті. Заемшылардың кредит төлеуде қиындық көріп отырғаны да түсінікті. Тәуекелдердің де бар екені түсінікті. Десек те, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы іске асырылып отырған мемлекет жауапкершілігін де естен шығармайық.

Ағымдағы жылы «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» желісімен 520 мың ш.м. жуық тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жоспардағыдан 100 мың шаршы метрге артық. Нәтижесінде 8 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі.

Сергей ТУНИК.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button