«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ» БЕЙБІТШІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

«Қазақстан жолы: Бірлік. Патриотизм. Реформалар». Осындай тақырыппен Парламент Мәжілісі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай халықаралық конференция ұйымдастырды. «ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, айтулы шарада елімізді ұлтаралық тұрақтылықпен қамтамасыз етуге, көпұлтаралық және көпдінаралық қоғамның өркендеуіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан зор үлесі жан-жақты сараланды.

 

Конференция жұмысына қатысқан Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов еліміздің ең басты мақсаты бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, жалпыадамзаттық және жалпыұлттық дәстүрлі құндылықтарды нығайту екендігін айтты.

– Жаһандану жағдайында кез-келген жергілікті қақтығыстар олардың кеңею ықтималдығына, әскери және экологиялық апаттардың орын алуына, халықтың босқынға айналуына жол ашып, бүкіл әлемдік қауымдастыққа қатер төндіретіні белгілі.  Осы тұрғыдан алсақ, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету – бұл кез- келген мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды, аса жауапкершілікті саяси құндылық, ең ақыры бұл барша адамзат өркениеті үшін өзекті. Сондықтан да, елімізді жедел жаңғырту жағдайындағы этникааралық және конфессияаралық бейбітшілікті қамтамасыз етудің қазақстандық тәжірибесін халықаралық қауымдастық жоғары бағалап отыр, – деді Мәжіліс спикері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз