Жарнама
Қоғам

Кәсіподақ қызметінде нендей өзгеріс бар?

Бұдан былай кәмелетке толмаған мүгедек балалары бар отбасының жалғыз асыраушысына, жанұясында бір өзі жұмыс жасайтын тұлғаға, өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік дертке шалдыққандарға жұмыс орнын сақтап қалуда артықшылықтар беріледі. Бұл туралы «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы Диас Сұлтанов Атырау аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«ҚР Кәсіподақтар туралы» Заң шеңберінде облыс бойынша салалық кәсіподақтардың 9 филиалы және екі жергілікті  кәсіподақ тіркелген. Олардың 67 мың мүшесі бар. «Жұмысшы адамның әл-ауқатын көтеру – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енудегі бірден-бір талап болып табылады. Сондықтан, кәсіподақтар жұмысын ширатуы қажет», — деді ол.

Енгізілген толықтыруларға сәйкес, жұмыс берушілер бастауыш кәсіподақ ұйымына қолдау көрсетуге, студенттерді тегін өндірістік тәжірибеден өткізуге міндетті. Сондай-ақ, жұмыс берушілерге қыркүйек айының соңында тойланатын «Еңбек күні» мерекесін ұйымдастыру жүктеліп отыр.

Диас Бауыржанұлының айтуынша, жұмысқа қабылдау кезінде азаматтардан сотталмағандығы туралы анықтама сұрауға тыйым салынады. Бұл талап кейбір қызмет түрлеріне ғана жүрмейді.

Жиын соңында толықтырулардың барлығы әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар екендігі айтылды.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button