Жарнама
Қоғам

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ…

— Өңірде айтулы мерекеге орай дайындық жұмыстары қарқын алды. Бұл ретте іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда арнайы топ құрылып, өз жұмыстарын бастады.

Жеңісті жақындатқан жандарға қандай қолдау көрсетсек те артық емес. Олардың қатары күн санап азайып келеді. Сондықтан, біз олардың денсаулығына баса көңіл бөлуіміз қажет. Осы орайда қаладағы медицина саласындағы жеке секторлармен бірлесіп, ардагерлердің саулығын басты назарға алып отырмыз, — деген Нұрлыбек Жұмахметұлы медицина саласындағы 16 жеке сектормен меморандумға қол қойды.

Бүгінде Атырау қаласында 55 Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. Оның 30 пайызы төсекке таңылып жатыр. Ең бастысы, ардагерлер үшін кейбір қажетті дәрі-дәрмектер табу қиынға түседі. Бұл жайларды баяндаған Атырау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекеш «алдағы уақытта осы мәселеге фармацевтика саласы баса көңіл бөлсе…» деген ұсынысын айтты.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Әлібек Түсібәлиев пен Александр Смыслов майдандағы ерліктері ескеріліп, қала басшылығы тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай қолдауға ризашылықтарын білдірді.

Меморандумға қол қойған мекемелер ішінде «Samal Medical assistans» ЖШС де бар. Жиын барысында серіктестік директоры Самал Қуанова сөз алып: «Ардагерлерге құрмет көрсету – парызымыз. Ендігі уақытта олар біздің қадағалауымызда болады. Қай уақытта да тегін ем көрсетеміз» деп мәлімдеді.

Алтыншаш
НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.
Суретті түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button