САЛТАНАТТЫ СЕССИЯ

мәслихаттардың  20  жылдығына  арналды

Атырау облыстық мәслихатының кезекті ХХV сессиясы Қазақстан Республикасындағы мәслихаттардың 20 жылдығына арналып, салтанатты жағдайда өтті.

 

Оның жұмысына облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов, облыс әкімдерінің орынбасарлары, Атырау қаласы мен аудандар әкімдері және мәслихат хатшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, соғыс және еңбек ардагерлері қатысты.

Салтанатты сессия болғанымен, ол іскерлік жағдайында өтті. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов атқарылған жұмыстар жөнінде депутаттар алдында есеп берді. Оны талқылауға облыстық мәслихат депутаттары Сайын Қуанышев пен Александр Думлер қатысты.

Содан соң облыстық мәслихат хатшысы Сағындық Лұқпанов «Қазақстан мәслихаттарына – 20 жыл» тақырыбында баяндама жасады.

Сессия соңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосқан бір топ ардагер, алғашқы мәслихаттардың хатшылары мен депутаттары марапатталды.

 

Меңдібай ЕЛЕМЕСҰЛЫ. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз