ҚАРТТАРДЫ ҰМЫТПАЙТЫН ҰЖЫМ

Үкімет үйінде тұрып жатқан үлкендер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолындағы барын беріп, барынша қамқорлық танытып жүрген ұжымдардың бірі – «Медицина» АҚ. Жиырма жылдан бері демеушілік көрсетіп келе жатқан олар осы жолы да – Құрбан айт мерекесі алдында зор қайырымдылық жасап, осында тұрып жатқан 108 қартқа қажетті тағам толы пакеттер тарту етті. 

 

Облысымызға танымал кәсіпкер Зәбира Дәулетжанова басқарып отырған еңбек ұжымына жүрекжарды алғысын интернат үйі директоры Қилымқас Күзембаева жеткізсе, барша қарт атынан 85 жастағы Баяз Қаршығаев ақ батасын берді.

Кенже ӘБІЛҒАЗИЕВ,

қарттар үйі тұрғыны.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз