Карантин режимінің ұзаруы өз саулығымыз үшін керек

0 1 Қоғам

Аты жаман індет басталғалы бері біз «үйден шықпаңыздар!», «жиналмаңыздар!», «қонаққа бармаңдар, қонақ шақырмаңдар!» деген кеңестерді естіп жүрдік.

Бірақ, көбіміз оған жүрдім-бардым қарап, бұрынғыша сапырылысып жүре бердік. Көп ұзамай, соның зардабын тарттық та. Əсіресе, жасы ұлғайған жандар аурудың ауыртпалығын көтере алмады. Көбісі, өкінішке орай, о дүниелік болып кетті…            

    Байқаймыз, көпшілік енді-енді есін жиып келеді. Дерттің жəй сөз емес, шынымен арамызда жүргенін, яғни барын білді. Ал, мемлекет басындағы азаматтарымыз біздің амандығымызды ойлап, карантиндік шараны 2 тамызға дейін ұзартып отыр.

Жаратқан иеміз де «Сақтансаң, сақтармын» деген ғой. Жақсылыққа жетейік, Алла жар болсын баршамызға.            

  Қалиса ЕЛЕЖАНҚЫЗЫ,

«Күміс алқа» иегері, Атырау қаласы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз