khizhab pen oramaldyn ayyrmashylygy zhok ekenin tusiner uakyt keldi

ДӘСТҮР және ҒҰРЫП: Кимешектің киесі неде?

Жаңалықтар Рухани жаңғыру СарапTime Ұлы даланың жеті қыры

Atr.kz/18 тамыз, 2020 жыл. Қазақта ежелден келе жатқан құндылықтың бірі – кимешек. Нақты қай ғасырдан бері қолданысқа енгенін білмесек те, әйтеуір, ұлтымызбен бірге жасап келе жатқаны ақиқат. Келіннің ана атанған шақта киме­шек киетіні белгілі, бірақ, оның өзінің жөн-жоралғысы ұмытылып қалған- ды. Сондықтан да осы кимешекті қалай және қайда киюге болаты­ны туралы анықтап алсақ …

Ақжаулықты әжелеріміз бол­маса, бұл салт хақында көсіле сөйлейтіндер де аз. Анығында, кимешек – көшпелі орт а­да қалыптасқан, экологиялық т а л ап т а р ғ а тол ы қ т а й ж а ­уап беретін қазақ әйелдерінің бас киімі. Оны өзге ұлттардың киіміне ұқсататындар да бүгінгі қазақ қоғамы арасынан табылып қалады. Кимешек жаздың ап­тап ыстығы мен қыстың қатты суығынан, жел мен шаң-тозаңның әсерінен қорғануда пайда болған киімнің бірегей пошымы десек те болғандай. Кимешектің негізгі ерекшелігі – адам бетінің форма­сы ойылып қалдырылып, қалғаны түгелдей тігіліп, тек қана басы ғана емес, әйел адамның денесін беліне дейін түгелдей жауып тұруында.

Кимешек – тұрмыс құрғаннан кейін киілетін бас киім. Оның өте көнеден қалыптасқан, тіл- көзден сақтайтын қорғаныс екені анық. Ежелгі дәстүрге сәйкес әйел адам шашын жауып жүрген. Қыз бала тақия телпек киіп, шашы жартылай ашылып, тіпті бұрымы сұлулықтың құрамдас бөлігі ретінде қаралатын болса, күйеуге шыққанда оның бәріне тыйым салынып, босанғаннан соң, тыйымдардың саны да, түрі де көбейіп, шаш толықтай тұмшаланатын. Кимешектің пошымының қалыптасуына атап айтып өткен экологиялық һәм салт-дәстүрдің ықпалы болған. Мұндай бас киім басқа халықтарда кездесе бермейді.

Кимешекті кию мен оның сыртынан шылауыш тартуы әр өңірде әртүрлі. Оның әшекейленуі әйелдердің жас ерекшеліктері м е н о л а р д ы ң ә л е у м е т т і к орнын аңғартады. Айталық, жас келіншектерге арналған кимешектің бет жақтары кеңдеу болады. Қызыл немесе күлгін түсті жіптермен кестеленген жас келіншектердің кимешектері көздің жауын алады. Ал, егде тартқан әйелдер кимешектерін ақшыл, сары түсті жіптермен кестелейді. Қарттар мен күйеуі қайтыс болған әйелдер кимешегін кестелемейді. Кимешек қазақ ру­лары мен тайпаларының өзгеше болуына байланысты әртүрлі үлгіде болады.

Әсіресе, мар­жан тастармен әшекейленген Жетісу өңірінің кимешектері таңғалдырады. Солтүстік және Орталық Қазақстан өңірлерінде кесте көп берілмеген. Есесіне моншақ, маржан, күмістен түрлі тастардан жасалған тағымдар қадаған. Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстауда кестелеумен қатар, түстері ашық маталармен, тоқыма өрнектермен кестелеген. Жиын-тойларға киіп баратын кимешектердің тігісін бойлай күміс қадап, кеудесі мен жауырын бөліктерінің төменгі жақтарына шашақтар тіккен.

Кимешек кигізу салт-дәстүрі ортада келіншектің балалы болған күннен бастап киетін бас киіміне байланысты шыққан. Бұл салт үшін арнайы дайындықтар жүргізілген. Енесінің, абысын- ажынның көмегімен кимешекті пішіп, әшекей кестелерін өзі тіккен.

Жас келін перзентті болып, ол қырқынан шыққанда енесі «сен енді санатқа қосылдың. Бұрын бала едің, енді ана болдың, дана болдың. Енді осы үйге толық мүшесің» деп келіннің маңдайынан сүйіп, ақ батасын береді. Бұл жиынды келіннің енесі ұйымдастырады. Кимешек кигізген адам келіннің енесінен сый алады. Кимешектің ана мен баланың тазалығы үшін маңызы жоғары болған. Әсіресе, әйел денесінің жылы, кіршіксіз болу­ына ықпалы зор.

Жас әйел бала емізген кезде денесін төңірегіндегі кісілерге к ө р с е т п еу і ке р е к . О н д а й қылықты қазақтар салақтық пен әдепсіздікке жатқызған. Кимешек сондай кезде кеудені көлегейлеп тұрады. Кимешекті үлкен ана­лар жақын тұтқан келініне «көзімдей көр» деп мұра ретінде де қалдырып отырған. Елге сый­лы, батыр ұл тапқан аналардың кимешектерін ырымдап сұрап алатын да жағдайлар болған. Ол – өте киелі. Сондықтан ұлттың тазалығын сақтауды мұрат тұтқан аналар осы бас киімнің де аппақ таза болуын қадағалаған.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған