Жарнама
Қоғам

ҚАЛА ҮЗДІКТЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен мұнайлы өлкенің бас шаһарының «Жыл адамы – 2015» байқауына қатысқан үздіктерді ұлықтауға арналған салтанатты шара болып өтті.  

Салтанатты шарада Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев сөз алып, атыраулықтарды Жаңа жылмен құттықтады.

 Ол шаһардың өркендеуіне қосқан үлесі үшін бір топ азаматты әкімнің Құрмет грамотасымен марапаттады. «ТНС групп» компаниясының басшысы, қоғам қайраткері Төкен Жұмағұловқа «Атырау қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігін табыс етіп, сый-сияпатын көрсетті.

 «Жылдың мемлекеттік қызметкеріне» Кеңөзек ауылдық округі әкімінің көмекшісі Үміт Есенғалиева, «Жыл журналисіне» облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Любовь Монастырская, «Әлеуметтік саланың жыл қызметкеріне» қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева, «Жыл мұғаліміне» №30 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Татьяна Бочкова, «Жылдың мәдениет қызметкеріне» Жұмыскер ауылдық кітапханасы филиалының меңгерушісі Жаннат Насирова, «Жыл спортшысына» Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әнуар Сариев, «Жыл тәрбиешісіне» №1 мектепке дейінгі авторлық гимназияның тәрбиешісі Райхан Имашева лайықты деп танылды.

Сонымен қатар,  «Асыл Агро» шаруа қожалығының директоры Нұфтолла Құлбасов «Жыл кәсіпкері», «АтырауАгроФеникс» ЖШС директоры Енисей Юн «Ауыл шаруашылығы саласының жыл қызметкері», облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Марат Қонысов «Жыл дәрігері», қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция полковнигі Марат Құбаев «Жыл полицейі», «Эра» ЖШС басшысы Қуат Шалмұқан «Жыл құрылысшысы» аталымдары бойынша үздіктер сапына қосылып, құрметке бөленді. Таңдаулыларға арнайы ленталары мен дипломдарын қала әкімінің орынбасарлары мен қалалық мәслихаттың хатшысы тапсырды.

Байқауды ұйымдастырушылардың пікірінше, үздіктерді анықтау да оңайға соқпаған сыңайлы. Қой жылының «Жыл адамы» атағына «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас директоры Қайрат Оразбаев лайықты болды. Ол арнайы сыйлықпен марапатталды.

Бақытжан ЖҰМАТ.

                Суретті түсірген:

Ерлан  АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button