Жарнама
Қоғам

ҚАҺАРМАНДЫҚ ДӘУІР ДҮБІРІ

 

Біздіңше, бұл – Қазақ хандығының жүріп өткен жолына берілген ең үлкен баға. Өйткені, «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың сан ғасырлық белеспен жүріп өткен жолы – хандық дәуірмен тікелей байланысты.

Тарихи деректер ел билеген хандардың өмiрi майдан шебiнде өткендігін айтады. Қазақтың алғашқы 14 ханының жетеуi жорық жолында қаза тапқан екен. Бұл – ұлы бабалардың биiк рухына барлық ұрпақты айрықша құрметпен бас игізетiн тамаша дерек. Себебі, мұндай жанқиярлық ерлiктiң үлгi-өнегесiн өзге халықтың тарихынан таба қоюдың өзі неғайбыл. Ендігі мәселе – хандық дәуірінің жықпыл-жықпылында әлде де болса елеусіз қалған тұстарды зерттеп, зерделеп, қағазға түсіру, оны Отан тарихына енгізу.

Мәселен, Тоғым ханның қазақтың жерiн қорғау жолында өз кіндігінен тараған тоғыз баласымен бірге ұрыс даласында қаза тапқанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Бұл – сирек кездесетін ғажап дерек! Жүрегі «елім» деп соққан хандардың асқан ерліктері бұл дерекпен ғана өлшенбейді. Өйткені, тереңірек зерттеуді қажет ететін деректер біздің тарихымызда әлі де болса жетіп артылады.

Шетелдік мұрағаттарда сақталған сырлар да бар. Және де біз хандардың тұлғалық  сипатын, олардың елді біріктіруде, халықты сақтауда атқарған еңбектерін, ерлікке толы істерін зерттеп, насихаттауда әлі де кенжелеу жатырмыз. Кенесарының басын елге қайтару сияқты тарихи миссияларымыз да жедел орындауды қажет етеді. Сондықтан, тарихты түгендеу келешек ұрпақ үшін маңызды қадам екендігін атап өткім келеді.

Амангелді ШАМҒОНОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

университетінің профессоры.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button