Жарнама
Қоғам

ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР МЕН ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!

Егемендіктің ертеңі болып атқан Тәуелсіздігіміз осынау 23 жыл уақыттың ішінде табандылықтың, қырағылықтың тапжылмас қайнар бастауына айналып, барша ұлысты Мәңгілік Ел болу мұратына тоғыстырды.

Сондықтан, бұл күн жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды, бүгін мен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына біз қашанда құрметпен басымызды иіп, тағзым етеміз.

Құрметті атыраулықтар!

Ұлттық қасиеттеріміз бен рухани құндылықтарымызды ұлықтап, елдік намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын! 

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті, бабалар аңсарын ақиқатқа айналдырған Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Мәңгілік Ел көгінде тек қана бірлік пен ынтымақ салтанат құрсын!

Бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі қоғамымызда халық пен халықты, ел мен елді жақындастырар ең берік дәнекер, молшылық пен табыстың, рухани сабақтастың айғағы – Тәуелсіздігіміз баянды болғай!           

Ізгі ниетпен,

Атырау қаласының әкімі Н.ОЖАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button