ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!
Бостандық пен еркіндіктің аясында Тәуелсіз мемлекетіміз қарыштап дамып келеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді.
Мемлекетіміз экономикасы қуатты елге айналып, халықаралық қауымдастықтан лайықты орнын алды.
Жасампаз істер бүгін де жалғасын табуда.
Құрметті жерлестер!
Тәуелсіздік мерекесі — ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп азаттықты аңсаған ата-баба арманының орындалғанының жемісі. Осы бақытты күнді көру біздің ұрпақтың маңдайына жазылған екен. Осы ұлы сый – тәуелсіздігіміз бен ынтымағымызды аялап, мемлекетімізді нығайтып, ырысымызды ұлғайтуға атыраулықтар алда да сүбелі үлес қосады деп сенемін.
Абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің ертеңі баянды, тәуелсіздігі әрдайым тұғырлы болғай.
Ұлы мереке қарсаңында барлықтарыңызға амандық, шаттық, береке тілеймін!
Құрметпен,
Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков.