Жарнама
Қоғам

КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРІП, КҮЙІМДІ ТҮЗЕДІМ

 

Өзім көп балалы отбасынан өскендіктен жасымнан әкеме қолғабыс еттім. Кейін өз шаруашылығымды құрғым келді. Сөйтіп, малды бағып-қағуды үйрендім. Бірде күркетауықтың пайдасы жөнінде естідім. Ақыры күркетауық асыраймын, кәсіп ашамын деп шештім. Бұл бастамамды кәсіпкерлік палатасы қолдап, «Өтепқалиев» жеке кәсіпкерлігін ашу үшін 2 млн. теңге несие берді. Бұл қаржыға Батыс Қазақстан облысынан 110 күркетауық сатып алдым.

Күркетауық көп күй талғамайтын құс, суыққа өте төзімді. Дала өсімдіктерінің тамырын жеп, қой малы сияқты жайылып жүре береді. Қыстақ маңынан көп ұзамайды. Ол – үй құстарының ішіндегі ең ірісі. Еті жеңіл қорытылатындықтан, жоғары сұранысқа ие. Холестерині аз. Сондықтан, оны көп адам диеталық тағам ретінде пайдаланады. Қазір күркетауыққа сұраныс көп, бір жылдың ішінде екі мыңға жуық жұмыртқа, он шақты күркетауық саттым. Бір жұмыртқа — 70-80 теңге, ал құстың өзі салмағына қарай 10-15 мың теңге тұрады. Әзірге күркетауық санын көбейтуге тырысудамын.

Жақында жұмыртқа басып шығаратын инкубатор сатып алдым. Балапандар үшін қалыпты температураны сақтап тұратын жайлы орын дайындап қойдым. Күркетауықты бағу тәсілі оңай, суы мен жемін уақытылы берсең, қорегін өзі іздеп табады. Менің арманым – осы жылы несиемді толық өтеп, құс етін сататын дүкен ашу.

Құбайдолла ӨТЕПҚАЛИЕВ,

кәсіпкер.

Индер ауданы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button