Жарнама
Қоғам

ҒИЗАТ БАТЫР ҒИБРАТЫ

Мәдени шарада аудан әкімі Амангелді Барақатов сөйлеп, батыр жерлесіміз туралы толғанды. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген сүйіспеншіліктің үлкен үлгісін көрсетті. Қауіп-қатерге толы мыңдаған шақырым майдан жолын жаяу жүріп өткен, от кешіп, ажал сепкен оққа қарсы кеудесін тосып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлесіміз Ғизат Әліпов «Даңқ»  орденінің толық иегері атанды.

Ғизат ағамыз 18 жасында майданға аттанып, Белгород түбіндегі ұрысқа қатысқан, Батыс, 1-Украина, 1-Беларусь майдандарында әуелі пулеметші, содан соң сапер болып, Южный Буг өзенінен өткенде және Польша жерін азат етуде асқан ерлігімен, батырлығымен ерекшеленіп, жоғары марапаттарға ие болады.

Өз борышын аяғына дейін адал атқарып, ерлік жасаған майдангер елге аман-есен оралған соң еңбекке белсене араласты, жауапты жұмыстар атқарып, ферма басқарды, Қазақ  КСР-на еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері атанды.

«Тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, халқымыздың батыры Ғизат Әліпов ағамыздың ұрпағына бейбіт күнді тарту еткен ерлігін дәріптеу – біздің перзенттік парызымыз. Оның ерлігі – кейінгі ұрпаққа мұра, есімі – әрқашан біздің жадымызда.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Өмірзақ Қажымғалиев, туысқан інісі Сәбит Қасымов, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Харес Биляшев майдангер туралы   естеліктерімен бөлісті. Ғ.Әліпов жүлдесі үшін баскетболдан аудандық турнир де өтті.

Шарада батыр ағамыздың немерелері Арсен Ғизатов  мен Мағжан Ғизат  өз өнерлерін көрсетті. А.Жахина Есбайдың «Бөгелек» күйін орындаса, Т.Қажыгереев «Әке туралы жыр», Р.Сәрсенова «Если б не было войны», М.Мәмбетов «Байтақ елім – қазағым» әндерін шашу етті.

Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА,

Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button