«ISKER ANA» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 24 АНАҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫС ЕТІЛДІ
Atr.kz/16 наурыз, 2019 жыл. Атырауда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың бастамасымен жұмыссыз аналарды оқытуға, жұмыспен қамтуға, өзінің жеке ісін ашуына бағытталған «ISKER ANA» жобасы іске қосылған болатын.
Аталған жобамен көп балалы аналар, жалғызілікті, мүмкіндігі шектеулі бала тəрбиелеп отырған жəне аз қамтылған отбасындағы əйел-аналар қамтылды. Бұл санаттағы əйелдер тігін ісі, аспаз, шаштараз, маникюр, визажист, есепші, массаж, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық жəне тағы басқа мамандықтар меңгеруге машықтануда. Күні бүгін 11 мамандық бойынша 373 адам өтініш беріп, тіркелген. Оның жүзі 8 мамандық бойынша оқу орталығында білім алуда.
Ал, кешегі жұма күні визажист жəне маникюр мамандығы бойынша оқуларын аяқтаған 24 ана облыс əкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың қолынан сертификат алды.
Шара соңы аналар мен Серік Жамбылұлы арасындағы ашық əңгімеге ұласты. Жергілікті биліктің өздеріне осындай зор қолдау көрсетіп жатқандарына əйел-аналар қатты разы болды.
Лиза Сейтімова. Фото автордыкі.