Жарнама
Қоғам

Ісімен өзгелерге үлгі

МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ӘРБІР АДАМ ҮШІН АБЫРОЙЛЫ ІС. ЕЛІМІЗДІҢ ГҮЛДЕНУІ МЕН ЭКОНОМИКАМЫЗДЫҢ ДАМУЫ ЖОЛЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ҚОСАР ҮЛЕСІ ЕРЕКШЕ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР. ОНЫҢ ЖҰМЫСЫ БІЛІМДІЛІК ПЕН ІСКЕРЛІКТІ ҒАНА ЕМЕС, ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ДЕ ТАЛАП ЕТЕДІ. СОНДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҚАШАН ДА ОҢАЙ ЕМЕС ЕКЕНІН ЕСКЕРСЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТЫҢ ДА ЖОҒАРЫ ЕКЕНІ АЙТПАСА ДА ТҮСІНІКТІ.

Мемлекеттік қызметшілер жұмыста қарапайым, өмірде өзгелерге үлгі болуы тиіс. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік билік органдарының мақсаттары мен міндеттеріне белсенді қатысуынсыз мемлекеттік қызметтің тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Көп жағдайда мемлекеттік қызметшілер қызметінің нәтижесі олардың лауазымдық міндеттерін сапалы орындауына, бастама көрсету мүмкіндігіне және кәсіби дағдылары мен білімін қолдана алуына байланысты болады.

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында мемлекеттік қызметшілер жұмысының негізгі принциптері адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуы керегін және мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап көрсеткен болатын. Осындай қасиеттерге ие, мемлекеттік қызметте 6 жылдай еңбектеніп жүргендердің бірі –Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Динара Қуанова.

Динара Салауатқызы 2013 жылы мектепті үздік аяқтап, Астана медициналық университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетіне грантқа түседі. 5 жылдық оқуын үздік дипломмен аяқтағаннан соң, еңбек жолын облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде бас маманы болып бастайды.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінге дейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеп келеді.

Білімі мен біліктілігінің арқасында ол денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетік меңгерген, жан-жақты, жауапкершілігі мол маман. Мемлекеттік қызметте өз іс-әрекетіне үлкен жауапкершілікпен қарап, жоғары орындаушылық танытып, өзіне талап қоя білетін, тәртіп пен адамгершілікті басты қағида еткен маман.

Ол мемлекеттік қызметші ретінде ел алдындағы тікелей міндеттерін орындаумен қатар, жұмыстағы, отбасындағы, қоршаған ортамен қарым-қатынаста, адамдармен ортақ тіл таба білуде жеке бас үлгісін көрсетіп келеді.

Д.Қуанованың адал еңбегі еленіп, 2020 жылы Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен, былтыр Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Динара Салауатқызы мемлекеттік қызметкер мәртебесімен қатар, үш қыздың анасы, аяулы жар. Еңбек жолында ол бірнеше рет үлгілі кәсіби қызметімен көзге түсті. Мектеп қабырғасынан әртүрлі олимпиада, жарыстарға қатысып, өз мектебінің намысын қорғады. Бүгінде де департамент аясында өтетін әртүрлі шараларға белсенді қатысып келеді.

Сұлушаш ҚУАНҒАЛИЕВА,

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button