Хабарландыру: Құрметті Атырау облысы, қала тұрғындары
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылдың 24 қарашасында шыққан «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығына сәйкес, Атырау облысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия құрылды.
Қуғын-сүргінге ұшырағандардың санаттары бойынша өңірлік комиссияның 8 жұмыс топтарының құрамы белгіленді.
I. Қазақстанның батыс өңірінде болған көтерілістерді басу кезінде (1928-1932 жж.) сотсыз немесе тергеусіз атылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын, сондай-ақ соттан тыс және сот органдарының осы көтерілістерге қатысқаны және қолдағаны үшін қуғын-сүргінге ұшырағандарын зерттеу, қорытынды жасау және саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы
Топ жетекшісі: тарих ғылымдарының докторы Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы, тел. 87783865864. berdyguzhin@mail.ru
II. Кулактар, байлар, жартылай феодалдар (орта шаруалар) және шаруалардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы.
Топ жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Таңатарова Жамиға Тажиковна, тел. 87011010116. Zhamiga_tanatarova@mail.ru
III. 1916-1930 жж. мемлекеттің жазалаушылық әрекеттері мен биліктің саяси қуғын-сүргін кезіндегі түрлі зорлық-зомбылық саяси науқандар мен аштық кезінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақстандық босқындарды ақтау бойынша зерттеу, ұсыныстарды дайындау және енгізу жөніндегі жұмыс тобы.
Топ жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жұмабаева Жұмазия Кенжебаевна,
тел. 87789310486. Zh.zhumabaeva@asu.edu.kz
IV. Большевиктік-сталиндік режимнің шаруаларға қарсы күшейтілген ұжымдастыру, сатып алу және басқа да саяси науқандарының құрбандарын зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы.
Топ жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Сапанов Сайфолла Жұмабайұлы
тел. 87478379503. Cefosh1@gmail.com
V. Ақталмаған қазақстандықтар – Гурьев облысында орналасқан НКВД ГУЛАГының лагерінде болған саяси қуғын-сүргін құрбандары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы.
Топ жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ахметова Ұлжан Төлегенқызы, тел. 87014617147. ulzhan.a.67@mail.ru
VI. Қазақстанның Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін жеке күрескен адамдардың, қоғамдық және саяси ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы идеялары үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды толық құқықтық және саяси ақтауға арналған пікірлер мен ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы мен саяси және азаматтық құқықтарынан айырылған адамдарды ақтауға арналған топ бөлігі.
Топтың жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Қыдыралина Жанна Үркінбайқызы, тел. 87014508021. Kydyralina@mail.ru
топ бөлігігінің жетекшісі
Нағимов Шахман тел. 87013131605Waxman45@mail.ru
VII. 1939-1945 жж. фашистік Германия, Финляндия және басқа Еуропа елдерінде қамауға алынған қазақстандық әскери тұтқындарды, сондай-ақ «Түркістан легионында» уақытша болған қазақстандық әскери тұтқындарды, Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар мен арнайы қоныстанушылардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыс тобы.
Топтың жетекшісі , тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ахмет Аққали Қабижанұлы, тел. 87012778117. a.akhmet@asu.edu.kz
VIII. Дәстүрлі дін өкілдері – саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы.
Топ жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Бекежан Өмірбек Қадырханұлы, тел. 87026005563. Bekezhanok@mail.ru
Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Хаменова жетекшілік ететін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі аймақтық комиссия өз жұмысын бастады. Өңірлік комиссияның жұмысын сүйемелдеу мақсатында Х. Досмүхамедов атындағы Атырау университетінің бас ғимаратында (Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212, бас ғимарат, 2 қабат, тел. 27-63-20 Email: tarih.alash_atyrauoffice@mail.ru Жобалық кеңсе өз жұмысын бастады.
Өздеріңіздің қандай да бір құжаттарыңыз, ақпараттарыңыз, сұрақ ұсыныстарыңыз болса, сол бағыттагы мәселе бойынша топ жетекшілеріне хабарласуыңызға болады. Топ жетекшілерінің байланыс телефоны жоғарыда көрсетілген.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі
өңірлік комиссия