Жарнама
Қоғам

Ғибратқа толы ғұмыр

Саналы ғұмырын мемлекеттік қызмет саласына арнаған,  «Парасат» орденінің иегері, Атырау облысының «Құрметті азаматы», қоғам қайраткері  Мәдина Ғабдісәлімова бұл жолы кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділерімен кездесті.  

Кездесуде кеш кейіпкерінің өмір жолы мен қызметі, қоғамдық мәселелер мен еңбек құқықтары турасында әңгіме өрбіді.  Сондай-ақ, кездесу аясында қоғам қайраткеріне арналған бейнематериал көрсетіліп, әріптес, замандастары естелік айтты.

Атырау облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлібек Семғалиев  мемлекеттік қызметке арнап, көптеген жылдар бойы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін аянбай еңбек еткен тұлға туралы әсерлі әңгімесін айтты. Сондай-ақ торқалы тоқсан жасымен құттықтап, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің құттықтау хатын табыстады.    

Кездесу барысында Мәдина Ғабдісәлімқызы өзінің өмір жолымен бөлісіп, еңбек қызметінде кездескен қиындықтары мен жетістіктері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қоғам қайраткері әйелдер мен жастардың еңбек нарығындағы орны мен мүмкіндіктері туралы да кеңінен сөз қозғады. Әсіресе, еңбек қатынастарының қалыптасуы, кәсіподақтардың қызметі мен жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше тоқталды.

Шараға қатысқан салалық кәсіподақ төрағалары Жұмазия Есімова, Қылышбай Сүндетұлы, Майра Қашкеновалар да өз ойларын білдіріп, Қазақстанның еңбек нарығы мен әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты. Олар Мәдина Ғабдісәлімованың қоғам үшін атқарған қызметін жоғары бағалап, оның еңбек жолының жастар үшін үлгі болатындығын атап өтті.

Торқалы тоқсан жасқа толған Мәдина Ғабдісәлімованың өмірі мен еңбек жолы жастар үшін үлкен үлгі болып қала береді.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button