ГЕРМАНИЯДАН КЕЛІП ДӘРІС ОҚЫДЫ
Оқу барысында жергілікті дәрігер оқытушылар медбикелік іс мамандығы жайында халықаралық деңгейде өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдірді. Осы біліктілік тәжірибеден өткен дәрігер оқытушыларға халықаралық деңгейдегі сертификатты табыстау рәсімі өтті.
Медколледждің мәжіліс залында өткен бұл шараға қала, облыстың медицина мекемелерінің бас дәрігерлері, денсаулық, білім беру басқармалары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында медицина колледжінің директоры, медицина ғылымының кандидаты Муса Өтепқалиев, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Шәкіржан Мырзағалиев, ұлттық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы,техника ғылымының кандидаты Мұрат Лекеров соңғы жылдары аймақта жергілікті мамандардың білім мен денсаулық саласында шетелдік озық инновациялық білім мен іс-тәжірибені үйреніп жатқандығын атап өтті. Осы ретте Германия мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы достық байланыстың жыл санап дамып отырғанын баяндады.
Бұдан әрі сертификат табыстау үшін Германия SЕS фирмасының аға эксперті Мариям Шрадер ханым сөз алды. Ол Қазақстан мен Германия мемлекеттері арасындағы достық байланыстың нығайып отырғанын, соның жарқын нышаны медицина саласындағы озық инновацияны дамыту ісінде, әсіресе, дәрігер оқытушылардың болашақ орта буын медицина мамандарын дайындаудағы игі істеріне тоқталып өтті. Осы ретте Атырау медицина колледжінің дәрігер оқытушыларының медицинадағы оқу-әдістемелік тәжірибелерді жете меңгерудегі ынта-талаптарына өз ризашылығын білдірді. Келешекте аталмыш оқу орнының дәрігер оқытушыларының орта буын медицина мамандарын дайындау ісінде жоғары жетістікке жете береді деген зор сенім білдірді. Ол курстан өткен17 дәрігер оқытушыға халықаралық деңгейдегі сертификатты салтанатты жағдайда тапсырды.
Шара соңында оқу орнының директоры Муса Өтепқалиев Мариям Шрадер ханымға берген дәрісі үшін ұжым атынан ризашылығын жеткізді.
Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.
Суретті түсірген
Аман МҮТИГУЛЛИН.