Атыраулық тұрғындар 1 млн теңге айыппұл арқалады

dalanews 1 11 Қоғам

Бұл туралы бізге облыстық полиция департаменті баспасөз өкілі Мейрім Ердәулет хабарлады.

«Биылғы жыл басынан бері облыстық дін істері басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, әлеуметтік желілерде заңсыз діни материалдардың таралуының алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде діни саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтың 43 дерегі тіркелді. Анықталған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адамдарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 453-бабымен (БАҚ құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату фактісі) және 490-бабымен (Қазақстан Республикасында діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылды» деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолдады. Сот шемімімен заң бұзушыларға 1 млн-нан астам теңгені құраған айыппұл салынды.

Фото: ғаламтор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз