Жарнама
Қоғам

ГҮЛНӘР – ҮЗДІК ЭКОЛОГ

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен өткен жылы ең алғаш рет ұйымдастырылған конкурсқа табиғат пайдаланушы алты мекеме қатысты. Сайыскерлер өзін-өзі таныстыру, мекеменің экологиялық бағыттағы жұмыстары туралы бейнеролик дайындау, экологиялық заңнамалар туралы сұрақтарға жауап беру, табиғат қорғауда өзіндік қосқан үлесін көрсету номинациялары бойынша бақ сынады.

Нәтижесінде  «Теңізшевройл» ЖШС-нің аға экологы Гүлнәр Тасқали ең үздік эколог атанды. Айта кету керек, ол осы компанияда 23 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс биыл да өз жалғасын табады.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button