Жарнама
Қоғам

ЕСТЕН КЕТПЕЙТІН КҮН

 

Мерекелік шарада ардагерлер алдында сөз алған партияның облыстық филиалының төрағасы Ерболат Дәулетқазиев ел басына күн туған сәтте ерен ерліктің үлгісін көрсеткен майдангерлерге ұзақ ғұмыр тіледі. «Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болып жазылды. Талай отбасын зар еңіреткен сұрапыл соғыста жеңіс оңай келмегені белгілі. Біз Отаны, отбасы үшін майдан даласында мерт болған боздақтар мен бүгінгі арамыздағы ардагерлеріміздің алдында мәңгілікке бас иеміз», — деген ол ардагерлерге арнайы дайындаған естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.

Сондай-ақ, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнін де коммунистер ерекше ықыласпен атап өтті. Атыраудың орталығында өткен мерекелік шеруге партияның ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен бір топ комсомол жастар қанатының мүшелері де қатысып, «Ұлы Жеңіс – ел есінде» ұранымен жүріп өтті.

Өз тілшіміз.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button