ЕСТЕ ҚАЛАТЫН ЕРЕКШЕ КҮН
Ел ордасы-Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбішұлы көрсетілген құрметке, қолдау білдірген барша қазақстандықтарға шексіз ризашылығын білдіре келіп, мемлекеттің алдында тұрған бес ауқымды міндетті атады. Соның соңғысы ретінде «тарихтың жаңа сабағында ұлттың бірлігін нығайта түсу» қажеттігін меңзеді. Бұл жерде Елбасы республикамыздағы халықтар достығы мен ынтымақтастығын, ұлтаралық келісім мен татулықты бұрынғыдан да биік деңгейге көтеруге көңіл бөлу керектігін нақты айтты.
Әрине, осынау ізгілікті үрдісте Президент жанындағы кеңесші орган, теңдесі жоқ қоғамдық институт саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының да алар орны мен атқарар рөлі барлығы анық. Бұған өзім жетекшілік жасайтын Атырау облысындағы «Видергебурт» неміс ұлттық мәдени орталығы да атсалысып келе жатқанын, алға қарай да бұл іс жалғасын табатынын айтқым келеді.
Александр ДУМЛЕР, «Видергебурт» неміс этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.