ЕРТЕҢ ПӘТЕРГЕ ИЕ БОЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?
Бірден үй сатып алуға бүгінде екінің бірінің қалтасы көтермейтіні түсінікті жайт. Екінші деңгейлі банктердің ипотекасына әлі күнге дейін көпшіліктің қолы жете бермейді. Ал, мемлекеттік бағдарламаларға да жұрттың бәрі бірдей ілікпейтіні анық. Өйткені, онда азаматтардың белгілі бір санаты ғана ілігеді, оның критерийлері де нақты көрсетілген. Тұйықтан шығудың жалғыз амалы – қаражат жинай бастау. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі аясында, отбасыға салмақ салмастан, ұтымды жолмен жасауға болады, мұны. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның көмегімен жүзеге асады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі дегеніміз не?
Бұл жүйеге сәйкес, еліміздегі ең аз сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй жағдайын жақсартуға заем алу үшін, Банк салымшысы депозитке қаражат жинайды.
Дейтұрғанмен, бұл жүйенің мәнін жұрт әлі де жете түсініп отырған жоқ. Сондықтан да, болар, оның пайдасын көруге асығар емес. Көпшілік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін тек қана мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырушы оператор ретінде қабылдап жүр. Расында, бұл мемлекет жүктеген ҚТҚЖБ атқаратын қызметтің бір бағыты ғана. Банктің басты міндеті – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы халықтың баспаналы болуына қолғабыс тигізу.
Бұл жүйе болашағыңа сенімді болу үшін ертерек қам жасауға мүмкіндік береді. Мәселен, балаңыз әлі мектеп қабырғасында жүрген кезден бастап депозит ашып, оның болашақ пәтеріне қаражат жинауға болады. Балаңыз мектеп бітіреді, жоғары оқу орнына түседі. Қолына диплом алып, жұмысқа орналасқан кезде, баспана мәселесі алдынан шығатыны мәлім. Оны шешуге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинағыңыз үлкен сеп болады. Тұрғын үй жалдау – түйіннің тарқауы емес. Ал, ипотека болса, тым қымбат. Екінші деңгейлі банктерге қарызын қайтарған кезде, клиенттің алған пәтерінің құнынан 3,5 есе артық төлеуіне тура келеді!
Қазақстан – посткеңестік кеңістікте тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізген жалғыз мемлекет. Бұл жүйе 12 жылдан бері қарқынды дамып келеді. Жүйенің басты ерекшелігі – оның тұйықтығында, яғни, сыртқы қаржы көздерінің несие капиталы ықпал етпейді. Қатысушылардың бірі жинақ жинақтаса, екіншілері заем алады. Бұл дағдарыс кезінде жүйенің қайраңдауына мүмкіндік бермейді. Жұмыс жасай бастаған уақыттан бері тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі мұны әлденеше рет дәлелдеп берді.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қалай жұмыс істейді?
Жүйеге қатысқысы келетін кез келген адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен шарт жасасады. Демек, өзінің немесе баласының атына, тіпті, барлық отбасы мүшелерінің атына жинақ шотын ашып, мүмкіндігіне қарай, біртіндеп жинақ жинақтай бастайды. Банк салымшыға жылдық 2%-бен сыйақы есептейді. Сонымен қатар, ол мемлекеттен қомақты ынталандыру сыйлықақысын алады. Мемлекет сыйлықақысы – 20% (200 АЕК-тен артық емес). Бұл депозиттің табысын арттырады. Оның тиімді мөлшерлемесі жылдық 12,6%-ға жетеді.
Бастысы – бұл жинақтау шоты жылдық 3,5-5%-дан бастап (тиімді мөлшерлеме жылдық 5,3%-ға дейін) тұрғын үй сатып алуға арзан кредит алуға мүмкіндік береді. Ол үшін салымшы кемінде 3 жыл (5,5 немесе 8,5 жыл) ішінде тұрғын үйдің құнының 50%-ы көлемінде қаражат жинау қажет.
Заемның ай сайынғы төлемі отбасыға немесе баспана алуға ертерек қам жасаған жас маманға ауыр салмақ салмайды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің артықшылығы мұнымен ғана шектелмейді. ҚР салық заңына сәйкес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кредит алған салымшылар кредитке төленетін сыйақы көлемінде табысына салынатын салықты шегеруге құқылы. Басқаша айтқанда, жалақысынан ұсталынатын жеке табыс салығы азаяды.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына қатысуға және сол бағдарлама аясында тұрғын үй алуға барлық критерийлер бойынша сәйкес келетін азаматтардың да ерте бастан депозит ашып, қаражат жинауға кірісуі керек. Шотты ыждаһатпен толтыру баспанаға ие болуға көп мүмкіндік береді. Яғни, шот неғұрлым ертерек ашылса, мол қаражат жинақталса, соғұрлым салымшыға көп балл беріледі. Осы балл саны бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылар іріктеледі.
Егер өз меншігіңіздегі пәтерде тұрғыңыз келсе, онда бүгін қаражат жинай бастаңыз. Бұл үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бар!
Анықтама үшін:
Қазақстандық тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі Германияның құрылыс жинақ кассасы үлгісі бойынша жұмыс істейді.
Германияда құрылыс жинақ кассаларымен әрбір екінші отбасы шарт жасасады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің әр депозитіне 20% мемлекет
сыйлықақысы есептеледі
Жыл соңына дейін санаулы күн қалды. Әдеттегідей, жаңа үйге тез қаражат жинауды қалайтын азаматтар туыстарымен бірге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне асығады. Өйткені, ҚТҚЖБ салымшылар үшін өте тартымды ұсыныс жасайды. Банктің 2% сыйақысынан бөлек, клиенттерге жыл қорытындысы бойынша 200 АЕК-тен немесе 396 400 теңгеден аспайтын сомаға жылдық 20% көлемінде мемлекет сыйлықақысы да есептелінеді. Яғни, салымшыларға 79 280 теңгеге дейін төленеді.
Осылайша, мемлекет тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушыларына баспана сатып алу үшін қаражат жинауға жәрдем береді. Айта кететін жайт, өткен жылдың қорытындысына қарай 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚТҚЖБ депозиттеріне мемлекет сыйлықақысы есептелінеді. Биылғы жылы алдағы жылдары ынталандырылған салым сомасына сыйақы есептелінбейді. Егер депозитте жинақталған қаражат 200 АЕК-тен асатын болса, ынталандырылмаған қаржының қалдығы келесі жылы мемлекет сыйақысын есептеген кезде ескерілетін болады.
Мысал келтіре кетейік:
Егер 2015 жылы депозит ашқан салымшының шотында 600 мың теңге болса, онда 79 280 теңге көлеміндегі мемлекет сыйақысы 396 400 теңгеге есептелінеді. Қалған қаражатқа мемлекет сыйақысы 2016 жылы есептелінеді.
Салымның табысын бұдан әрі арттыра түсу үшін, отбасы мүшелерінің атына бірнеше депозит ашуға кеңес беріледі. Сонда сыйлықақы әрбір азаматқа есептелінетін болады. Осылайша, ҚТҚЖБ жылдық 2% сыйақы есептейтінін ескерсек, белгілі бір соманы жинақтаған кезде, депозиттің тиімді мөлшерлемесі жылдық 12,6%-ға жетеді.
Жылжымайтын мүлік сатып алуды ұйғарған кезіңізде, бір отбасының барлық шоттарын біріктіріп, тұрғын үй заемын алуға болады. Бүгінгі күні бұл – халық үшін жылжымайтын мүлік сатып алуға кредит берудің ең қолжетімді тетігі. Тұрғын үй сатып алуға қажетті соманың кемінде 50%-ын 3 жыл ішінде алдын ала жинақтаған кезде тұрғын үй заемы беріледі. Қалған 50%-ын клиент жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі ең төменгі сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй заемы ретінде алады.
Заем тұрғын үй, жер телімін сатып алуға, құрылыс салуға, үй жөндеуге, сондай-ақ, ипотекалық кредитті өтеуге (қайта қаржыландыруға) беріледі.
Жоғарыда айтылған жайттардан бөлек, мемлекеттік қолдау жөнінде ТҚЖ жүйесінің қатысушыларының тағы да мынадай бір артықшылығын атауға болады. Ол – салымшыларға берілетін салық жеңілдігі. Яғни, заемды пайдаланғаны үшін алынатын банктің сыйақысы қанша болса, табыс салығы да соншалықты азаяды.
Ескере кететін жайт, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» Заңға сәйкес, салымшы 3 жылға толмай жатып шартты бұзса, онда есептелінген мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі
2015 жылы 25 000 отбасының
үйлі болуына көмектесті
Әр адамның бақыты үшін ауданы 50 шаршы метр болатын баспана қажет екен. Тұрғын үйді аңсап жүрген адамдар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы осыны көрсетіп берді. Қазақстандықтардың дені бірден тұрғын үй сатып алуға қауқарлы емес. Ол үшін ең алдымен ақырындап қаражат жинауды бастау қажет. Сонда ғана мақсатыңа қол жеткізуге болады. Бұған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жүзеге асыратын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі көмектесе алады.
Сонымен, қолжетімді баспанаға ие болу үшін, ең алдымен, дәл қазір депозит ашу қажет. Оның сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2% болады. Оның үстіне, тұрғын үй мәселесінің маңыздылығын түсініп, мемлекет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларының депозиттеріне 20% көлемінде (мемлекет сыйлықақысы есептелінетін ең жоғарғы сома – 200 АЕК) жыл сайын мемлекет сыйлықақысын есептейді. Сондықтан, депозиттің сыйақы мөлшерлемесі жоғары болмағанына қарамастан, мемлекет сыйлықақысы есебінен тиімді мөлшерлеме жылдық 12,6%-ға жетеді.
Жинақтау мерзімі мен ай сайын төленетін жарнаны, қаржылық мүмкіндігін ескере отырып, салымшының өзі дербес анықтайды. Жинақтау мерзімінің соңына қарай, яғни, кемінде 3 жылдан кейін, жинақ сомасы тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін салымшыға қажетті соманың 50%-ына жетуі тиіс. Сонда салымшының төмен сыйақы мөлшерлемесімен (жылдық 3,5%-дан бастап 5%-ға дейін, тиімді мөлшерлеме жылдық 4%-дан бастап) Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен тұрғын үй заемын алуға құқығы болады.
Мұндай талаптарды басқа еш жерден кездестіре алмайсыз. Тұрғын үй заемы – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің негізгі өнімі. Ол бірнеше жыл бойы заем алып, үй сатып алуға тұрақты түрде қаражат жинағысы келетін клиенттерге арналған. Өз қаражаты мен тұрғын үй заемының төмен сыйақы мөлшерлемесі есебінен кәдімгі ипотекалық кредитті өтеуге қарағанда заемшыға түсетін салмақ бірнеше есе аз болады.
Қолында баспана бағасының 50%-ы бар, бүгін үй сатып алуға заемға зәру азаматтарға банк аралық тұрғын үй заемын алуды ұсынады. Бұл – қаражат жинақтауға уақыты жетпейтін клиенттерге арналған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қосымша элементі. Аралық тұрғын үй заемдары жылдық 7,5%-дан бастап 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен (тиімді мөлшерлеме 8,8%-дан бастап) беріледі. Сонымен қатар, қолында бар қаражатын салымшы депозитке салады. Ал, банк болса, қажетті соманың 100%-ы көлемінде заем береді. Заемның бұл талабы «Тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» заңда жазылған.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз клиенттеріне төмен пайыздық мөлшерлемемен пәтер, жер телімін сатып алуға, құрылыс салуға және үй жөндеуге заем береді. Банктің тарифтік бағдарламалары табысының қандай екеніне қарамастан кез келген клиентке қолайлы болады. Отбасы үшін заем ауыртпалық түсірмесі үшін, олардың әрқайсысы үшін арнайы есеп жасалады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басты ерекшелігі – пәтер сатып алуға қаражат жинауға мүмкіндік беретін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің тұйықтығында. Ол сыртқы қаржы көздерінен несие капиталдарын алмайды: бір қатысушылар ақша жинақтаса, екіншілері заем алады. Бұл дағдарыс жағдайында да жүйені құлдыраудан сақтайды. Банк бірнеше мәрте девальвацияны бастан өткізді. Алайда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі дін аман. Бұл жүйе өзінің өміршеңдігін көрсетіп, қарқынды дамып келеді. Бұған банктің жалпы алғанда 450 миллиард теңгеге жуық кредит беріп, 100 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз еткені дәлел бола алады.
ҚТҚЖБ тұрғын үй заемдарының басқа да артықшылықтары:
1. Отбасыға ауыр салмақ түсірмейді.
2. ҚТҚЖБ-да жинақтаудың ай сайынғы төлемі екінші деңгейлі банктердегі заемды өтеу төлемдерінен екі есе аз.
3. ҚТҚЖБ-да тұрғын үй заемын өтеудің ай сайынғы төлемі ЕДБ-дегі заемның төлемінен үш есе аз.
4. ҚТҚЖБ-да артық төлем ЕДБ-дегіден 15 (он бес) есе аз!