Жарнама
Қоғам

Ерлік – ұрпақ жадында

Елдегі барлық мешіт пен шіркеуде сұрапыл соғыстарда, зұлмат ашаршылық жылдарында және басқа да ауыр кезеңдерде жанын қиған ата-бабалардың рухына дұға бағышталып, еске алу рәсімі өтті. Атырау қаласындағы қасиетті Успен кафедралды шіркеуінде халық көп жиналып, соғыс құрбандарын еске алды.

d399808f b2f9 4054 8c59 375f668004bc

– Осы күні 80 жыл бұрын фашистік Германия біздің ортақ Отанымыз – Кеңес Одағына басып кірді. Бүгін біз Ұлы Отан соғысының қайғылы оқиғаларына қайтыс болған азаматтарды еске аламыз. Бұл адамдар болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін өз өмірі мен денсаулығын құрбан етті. Солардың арқасында бүгін біз бейбітшілік пен келісім орнаған тәуелсіз заманауи Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан біз оларды еске алып, құрмет көрсетіп, жандарының тыныштығы үшін дұға етеміз.

dde4290c e9de 44fa 93de 38e706ac3e7c

Бүгін негізгі жексенбілік құлшылықтан кейін біз панихида (еске алу дұғасы) қызметін өткізіп жатырмыз. Бұл қызмет жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Оған Успен шіркеуінің жүзден астам жамағаты қатысады, – деді Қасиетті Успен шіркеуінің дін қызметкері, иерей Александр Ермаков.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button