«ЕРЛІК ӨШПЕЙДІ, ЕР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ»
Фестиваль шымылдығын облысымызға танымал «Фронтовичка» ансамблінің әншілері әскери әндер жинағы — попурримен ашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жақында Қазақстан Коммунистік Халық партиясына мүшелікке он беске тарта адам қабылданыпты. Бұл туралы біз аталған партияның біздің облыстағы филиалының төрағасы Ерболат Дәулетқазиевтан білдік. Аталған шарада соғыс және еңбек ардагерлері – Анна Захарова, Александр Смыслов, тыл ардагерлері – Сахабиден Бекенов, Жәукен Көшенов, Манап Абдрахимовтарға партия атынан естелік сыйлықтар ұсынылды.
Фестиваль-байқауға барлығы жиырма команда қатысты. Көрермендер олардың орындауындаОтан, туған ел мен жерге арналған әскери-патриоттық әндерді тыңдап, сахналық қойылымдарды тамашалады.
Әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Атырау политехникалық колледжінің студенттері ұтып алса, екінші орынды Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің студенттері иеленді. Ал, жүлделі үшінші орын Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжі студенттеріне бұйырды. «Ең үздік сахна көрінісі» номинациясымен №24 орта мектеп оқушылары, «Ең үздік ән» номинациясымен Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің оқушысы Құралай Нығыметиярова, «Ең үздік хор» номинациясымен Атырау Бизнес және құқық колледжі марапатталды. Өнерлі жастардың бәріне «Диплом», «Алғыс хаттар» мен ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
Фестиваль соңында өнерді бағалай білетін азаматтар – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, полковник Әділхан Ақботин, Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Рафхат Бозбалиев, Атырау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мергенғали Бейісқалиев сөз сөйлеп, осындай мәнді шара ұйымдастырған Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетіне көптен-көп алғыс айтты.
Лиза СЕЙТІМОВА.