Жарнама
Қоғам

ЕРЕН ЕҢБЕККЕ – ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

— Тәуелсіздікке ие болған жиырма жылдан астам уақыт ішінде Президентіміздің жетекшілігімен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылуда. Нұрсұлтан Назарбаев халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде сарабдал саясатын ұстанып келеді.  Ел үшін жасап жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, — деді басқарма басшысы.

Мемлекетіміздің ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлері кәсіподағы орталық комитетінің арнайы наградасы – І дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Әлібек Сатылғанов пен Индер орман шаруашылығының бас есепшісі Тасқали Ғиылманұлы марапатталды.

Сонымен қатар, сала кәсіподағы орталық комитетінің Алғыс хаты  қызметкерлер Ғалиолла Турағалиев, Марат Мақсотов, Есмұрат Сапаров, Ажхан Ғабдықалимов, Нұрлыбек Өтепқалиев, Анаргүл Аяшева және Тұрарбек Иманғалиға тапсырылды. Ал, аталған басқарманың бөлім басшысы Бақтылы Бадиева облыстық кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасына» ие болды.

 

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button