Жарнама
Қоғам

ЕНДІ СІЗ KСЕLL-ДАН ACTIV-КЕ ОП-ОҢАЙ АУЫСА АЛАСЫЗ!

 

— Рас, ұялы байланыстың қазіргі күні түрі мен қызметі көбейді. Әркім өз қалауын, өз таңдауын жасауда. Тұтынушыларға арнағалы отырған жаңа қызметіміз ол – Kcell мен Activ нөмірлері мен балансын сақтай отырып, бірінен екіншісіне көшу. Біз мұндай қызметтің көпшілік арасында үлкен қолдау табатынына сенімдіміз. Өйткені, осындай ойды есімізге салған да клиеттеріміздің өздері болатын. Біз мұны тек жүзеге асырдық. Ал, енді Kcell-дан Activ-ке қалай көшуге болады деген сауалға айтарым: тұтынушы алдымен «Kcell Center» немесе «Kcell Store»-ге баруы керек. Оған жекебасын куәландыратын құжатын көрсетіп, арнайы үлгідегі бланкіні толтыруы шарт. Осы кезде біз клиентке қоңыраулар үшін және 30 күн бойы интернетке ене алатын бір реттілік 1,5 мың бірлік бонус береміз. Егер клиенттерімізді басқа да сауалдар мазалайтын болса, онда олардың 5151 ыстық желіге хабарласуына, болмаса www.mnp.kz сайтына енулеріне әбден болады.

Өздеріңіз білесіздер, өткен қазан айында біз Activ клиенттері үшін кең көлемді әрі жаңаша негіздегі «Алло, Қазақстан!» тарифін ұсындық. Бұл Kcell-діктер үшін де өте қолайлы болды деп білеміз. Ал, мына жаңа қызмет, яғни, абонент нөмірін сақтай отырып, бір брендтен екіншісіне өту – кім-кімге де тиімді болмақ.

— Айтыңызшы, бір оператордан екінші операторға өту процесі, ұялы байланыс тілінде – MNP — қаншалықты тиімді?

— Бірден айтайын: MNP – әрбір абоненттің өз қалауы. Қазір бір адамның қолында бірнеше нөмір бар. Жалпы біздің компанияның қызметін 10,7 млн. абонент пайдалануда. Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша біздің абоненттер 33 мыңға өскен. Бұл қазақстандықтардың үнемі өзіне ыңғайлы оператор іздейтінін, ол оператор қызметінің сапасы мен бағасы жөнінен бәрінен қолайлы болуын қалайтынын көрсетеді. Ашығын айтсақ, Kcell-мен бірге болу дегеніміз – дыбыстық байланыстың жоғары сапалылығы және еліміздің 96 пайызының осы байланыспен толық қамтылуы. Сонымен қатар, біздің 3G интернеті республикамыздың 76 пайызында оңтайлы жұмыс жасауда. Бұл қызмет еуростандартпен сертификатталған және бұл Орталық Азия елдері арасындағы осындай сертификатқа ие болған бірден-бір оператор.

Жасыратыны жоқ, MNP тұсында операторлар арасындағы бәсекелестік бұрынғыдан бетер қыза түседі. Бұл маркетолог қызметі үшін таптырмайтын өлшем болмақ. Біз барған сайын жаңа жобалармен жұмыс жасай береміз. Ол жобалар интернет, корпоративтік клиенттерге арналған қызметтер аясында жүзеге аспақ. Ал, басты бағыт – MNP арқылы клиенттерді неғұрлым көбірек тарту. Көптеген ел тәжірибесіне сүйенсек, бір оператордан екіншіге өту түрліше жүрген. Бірінде көп, бірінде аз дегендей. Не болғанда да, қандай оператор қызметін пайдалану клиенттің өз жүрек қалауында. Сондықтан да біз ешкімді қыстамаймыз, таңдау ашық та айқын болады деп сенеміз.

— Әңгімеңізге рахмет. Қызметтеріңіз сапалы, оны пайдаланушылар көп болсын!    

Әңгімелескен

Лиза СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button