Атырау қаласының тұрғыны мемлекетке алғыс айтты

1 8 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл.  Елімізде төтенше жағдайдың жариялануы себепті көптеген еңбеккердің жұмысына шектеу қойылды.

«Мұның амалсыздан жасалған қадам екенін бəріміз түсініп отырмыз. Əйткенмен, күнделікті жұмысынан уақытша шеттетілу, еңбекақысын толық ала алмау кім-кімге де оңай соқпауда.

Осының бəрін елеп-екшеген Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев қамқорлауға лайық адамдар санатын көрсетіп, оларға 42 500 теңге көлемінде əлеуметтік төлем төлеу жөнінде шешім қабылдаған болатын.                   

      Мен де біздің өңірдегі көптеген мекеме, кəсіпорын қызметкері секілді жұмыстан уақытша босап қалған едім. Көрсетілген тəртіппен сұраныс жолдап, 42 500 теңге төлемге қол жеткіздім.

Бұл қаражатқа жылдық азық алмасаң да, күнделікті қажетіңді сатып аласың. Сол үшін де мемлекетіміздің басшысына, ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіндегі азаматтарға аналық ақ алғысымды айтамын» дейді Атырау қаласының тұрғыны Гүлжəмила ЕЩАНОВА.    

Лиза СЕЙТІМОВА 

 http://atr.kz/bez-rubriki/42-500-atyrauda-kunige-8000-10-000-adamnan-otinim-tusude%e2%80%8b/

   

    

        

  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз