Енді әлеуметтік құқығым заңмен қорғалады
Аtr.kz/7 мамыр, 2020 жыл. Мен Ауған соғысынан бөлек, Семей ядролық сынақ полигонында да әскери қызмет атқардым. Ядролық жарылыс аумағының денсаулыққа қаншалықты зиян екені айтпаса да түсінікті ғой.
Осы орайда, біздер қандай санатқа кіреміз және мемлекеттен жеңілдіктер жасала ма, жоқ па, соны білмеуші едік. Енді Президенттің өзі қол қойып, нақтылаған заңның көмегімен тиісті төлемдерді талап ете аламыз.
Өзім 1962 жылы туылғам. 1980 жылы әскер қатарына сол кездегі Гурьев қалалық военкомат арқылы шақырылған едім. Сөйтіп, екі жыл ішінде №06796 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер бола жүріп, құпия ұшақтарды қорғау қызметін қоса атқардым. Осы және өзге де мәліметтерді растайтын құжаттар мен мұрағат деректерін тиісті орындарға жолдадым. Әйтсе де, ешқайсысынан нақты жауап келмеді.
Біздер сияқтылар әлеуметтік қорғауға алынған ба, соны нақты білмей келдік. Енді тиісті құқықтарымды қорғау үшін заңға сүйенетін боламын. Бұл үшін Мемлекет басшысына да, Үкіметке де ризашылығымды білдіремін.
Жиенбай СӘТБАЕВ,
Ауған соғысының ардагері
Тасқала ауылы