Жарнама
Қоғам

Ең маңыздысы — ардагердің мәртебесі

Аtr.kz/7 мамыр, 2020 жыл.  Бұл барша Қазақ елі үшін елеулі оқиға болды. Ең бастысы, Парламентте мақұлданып, Мемлекет басшысы бекіткен жаңа заң ардагерлердің санатына кіретін азаматтардың мәртебесін айқындады.


Оның үстіне, Қазақстан Республикасындағы «Ардагерлер туралы» заңның Отан қорғаушылар күні жəне Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында қабылдануы тарихи сәйкестік, табиғи үндестік деп есептеймін.


Айрықша атап айтар жайт, бұл ардагерлердің мәртебесін айқындап қана қоймай, олардың заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалуына, мемлекет тарапынан тағайындалатын түрлі қолдаулар мен жеңілдіктерді пайдалануына кепілдік береді.


Серік Мұхамбетов, Атырау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button