Жарнама
Қоғам

ЕЛОРДАНЫ ТАМАШАЛАП ҚАЙТТЫ

 

Айта кетсек, университетте Астана күні мерекесіне қатысуға қызметкерлерді арнайы жіберу дәстүрге айналған үрдіс болып отыр.

— Бұл әлеуметтік қолдау 2013 жылдан бастау алады. Бас қала күніне орай астанамызда университеттің 16 қызметкері болып қайтты. Ал, осы жылы білім ордасы басшылығы тізімді кеңейтіп, бірден 17 адамды жіберіп отыр. Олардың қатарында университет доценті, ғылым кандидаты Шахман Нағимов, №1 жатақхананың коменданты Гүлбаршын Шүйіншәлиева, аула тазалаушы Ләззат Ісінбаева, хатшы-референт Айман Ғұбашева, кафедра лаборанты Майра Гайсина және тағы басқалар бар. Екі күндік сапар барысында олар ҚР Ұлттық музейін, «Бәйтерек», «Қазақстан картасы – «Атамекен», «Қазақ елі» кешендерін, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасын және тағы басқа жерлерді аралап көрді, — дейді жоғары оқу орнының медиаорталығының  директоры Нәйла Османова.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button