«ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН – ЕЛБАСЫ»
Мемлекеттік мерекені тойлау қарсаңында сот төрағасы, судьялары мен мамандарының қатысуымен «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты концерттік бағдарлама қойылды. Ұйымдастырушылар мұнда ұлттың мақтанышына айналған Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының арқасында тәуелсіз елдің жеткен жетістіктері мен биік белестерін көрсетуді мақсат етіп қойған. «Балалық шағымның аспаны» деп аталатын шағын пьесада жастар Елбасының балалық кезеңін сомдап, Қазақстанның тарихи кезеңдерінен сыр шертеді.
Қалалық сот төрағасы А.Ерманов Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың басқару кезеңіндегі егемен елдің асқаралы белестері туралы тарихтан сөз қозғап, Тұңғыш Президенттің тұсында Қазақстан адамзаттық капиталы бәсекеге қабілетті және интеллектуалды ұлтқа айналғандығын атап айтты. Мерекелік шара сот қызметкерлерінің концертіне ұласты.
Өз тілшіміз.