Жарнама
Қоғам

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 649 миллиард теңге сомасында зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге — 506,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге — 1 триллион 142,7 миллиард теңге бөлінген.

«2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 82 805 теңге, базалық зейнетақы — 37 836 теңге», — делінген хабарламада.

Tengrinews.kz.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button